Кеше Экономикалық зерттеулер институты қабырғасында Германия Федеративтік Республикасы Елшісінің Қазақстандағы Тұрақты орынбасары Ульрих Кинне және экономика мен климат жөніндегі атташе Юлия Остерман кездесу өтті.
Институт
тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары
Ерділда Тәутенов және Климаттың өзгеруі
орталығы директорының орынбасары Рамин
Қазымов қатысты.
Талқылаудың
негізгі тақырыбы – климаттық саясат
мәселелері және Қазақстан экономикасын
декарбонизациялау перспективалары.
Сонымен қатар Қазақстанның көміртегі
бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын
іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеу
мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен Германияның
климаттық саясат және «жасыл» ауысу
саласындағы диалогін тәжірибе алмасу,
сараптамалық сүйемелдеу және бірлескен
жобалар арқылы одан әрі дамытуға
болатынын атап өтті.
Кездесу
соңында екі жақ декарбонизация және
тұрақты даму саласындағы тиімді
шешімдерді әзірлеу үшін ынтымақтастықты
жалғастыруға және сараптамалық өзара
іс-қимылды дамытуға дайын екенін растады.
