Атырау облысы бюджетінің шығындары (бағыттары бойынша шығыстар) кейінгі 2 жылда 1,5 есеге – 2022 жылғы 647,5 млрд теңгеден 2024 жылы 939,3 млрд теңгеге дейін өсті.
Атырау
облысы бюджетінің құрылымы реттелген.
Ең
үлкен үлесті бюджеттер арасындағы
трансферт алып тұр –  2022-2024 жылдары орта
есеппен 28,4% болған. Кейінгі 2 жылда олар
39,6%-ке  –  2022 жылғы 280,8 млрд теңгеден 2024
жылы 169,6 млрд теңгеге дейін азайды.
Шығындар
көлемі бойынша екінші орында білім
саласы тұр, ол барлық шығындардың орта
есеппен 25,6%-ін құрайды. Олар 2022 жылғы
145,4 млрд теңгеден 2024 жылы 240,4 млрд теңгеге
дейін, яғни 1,7 есе өсті  . 
Бағыттар
бойынша барлық шығыстардың орта есеппен
12,7%-не ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
шығындары Атырау облысының бюджет
шығыстарының құрылымында сомасы бойынша
үшінші орында тұр. Олар 3,4 есеге – 2022
жылғы 47,9 млрд теңгеден 2024 жылы 163,4 млрд
теңгеге дейін ұлғайды. 
Шығындардың
басқа бағыттарының үлесі 10%-тен аз.
2022-2024
жылдардағы облыс бюджеті шығындарының
динамикасын талдай келе мынадай бағыттар
бойынша шығындар салыстырмалы түрде
айтарлықтай өскені байқалды, бұл өңірдің
қауіпсіздігі мен энергетикалық
тәуелсіздігін нығайту мақсатында бюджет
басымдығы өзгергенін аңғартады:
	- 
	қорғаныс
	– 23,6 есе: 2022 жылғы 2,6 млрд теңгеден
	(барлық шығындардың 0,4%) 2024 жылы 60,5 млрд
	теңгеге (барлық шығындардың 6,4%) дейін; 
- 
	отын-энергетика
	кешені және жер қойнауын пайдалану –
	5,6 есе: 2022 жылы 2,7 млрд теңгеден (барлық
	шығындардың 0,4%) 2024 жылы 14,9 млрд теңгеге
	дейін (барлық шығындардың 1,6%).