Кеше Астанада ITS халықаралық сауда платформасы мен ITS IDEAS инвестициялық талдау сервисі ұйымдастырған «ITS IDEAS 2025: жаһандық нарықтағы инвестициялық мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» атты екінші жыл сайынғы конференция өтті.
Конференцияның
«Жаһандық макроэкономика және 2025 жылғы
қаржы нарықтарының негізгі үрдістері»
сессиясында Экономикалық зерттеулер
институтының Басқарма төрағасы Әсел
Сәрсенбаева баяндама жасады. Спикерлер
қатарында ING компаниясының ТМД бойынша
бас экономисі Дмитрий Долгин, Freedom
Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур
Турлов, бағалы қағаздарға инвестициялау
стратегиялары жөніндегі халықаралық
сарапшы Юнус Йеникалайчи, сондай-ақ
Zerocoder мектебінің бас директоры және
негізін қалаушы, Astana Hub резиденті Кирилл
Пшинник та болды. Сессияның модераторы
- Definition консультативтік кеңесінің
төрағасы Асқар Елемесов.
Әсел
Сәрсенбаева өз сөзінде жаһандық
экономикалық архитектураны
трансформациялаудағы дамушы нарықтардың
шешуші рөлін атап өтті. Оның айтуынша,
әлемдік экономика бетбұрыс кезеңінде
тұр: жаһандық қаржы жүйесінің бұрынғы
ережелері жаңа өсу орталықтарына жол
беріп, өзектілігін жоғалтады. Дамушы
елдер дамудың драйверлеріне ғана емес,
сонымен қатар әлемдік экономиканың
жаңа моделінің архитекторларына айналып
жатыр. Сонымен бірге, ілеспе тәуекелдер
де арта түседі.
Халықаралық
валюта қорының мәліметтері бойынша,
2024 жылы әлемдік экономикалық өсімнің
78%-тен астамы экономикасы дамушы елдерді
қамтамасыз етті. «Бұл жай ғана сан емес,
жаһандық экономикалық тепе-теңдіктің
түбегейлі өзгеруінің дәлелі», - деп атап
өтті спикер.
ХВҚ-ның
соңғы болжамы бойынша (2025 жылғы шілде)
дамушы нарықтары бар экономикалардың
өсуі 4,1%-ті құрайды. Аталған көрсеткіш
сәуір айындағы бағалаудан (3,7%) жоғары,
бұл бірқатар ірі елдердегі экономикалық
жағдайлардың жақсаруымен байланысты:
ең алдымен Қытайда (+0,8 п.т.), Үндістанда
(+0,2 п. т.), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия
елдерінде.
Ұзақ
мерзімді тенденциялар дамушы нарықтар
рөлінің трансформациясын да растайды.
Егер 1990 жылы олардың сатып алу қабілетінің
паритеті бойынша әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі
35%-ті құраса, бүгін ол 60%-ке жетті. 2030
жылға қарай бұл көрсеткіш 64%-ке дейін
өседі деген болжам бар. Қазірдің өзінде
Қытай мен Үндістан әлемдік экономика
өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз
етіп, бұрын-соңды болмаған өсу мен
жаһандық процестерге интеграция қарқынын
көрсетті.
Әсел
Сәрсенбаева өңірлендіру процестеріне
ерекше назар аударды. Азияда АСЕАН-ның
10 елін, сондай-ақ Қытай, Жапония, Оңтүстік
Корея, Австралия және Жаңа Зеландияны
біріктіретін ASEAN және RCEP (Regional Comprehensive
Economic Partnership) төңірегіндегі бастамалар
нығайып келеді. Африкада AfCFTA (African
Continental Free Trade Area) еркін сауда аймағы
идеясы белсенді түрде дамып жатыр. БРИКС
елдері ұлттық валюталармен есеп айырысуды
кеңейтті: қазірдің өзінде Қытай, Сауд
Арабиясы және Бразилия өз мәмілелерін
юаньмен жасап жатыр.
Әсел
Сәрсенбаева халықаралық резервтердегі
доллар үлесінің төмендегенін атап өтті:
2000 жылғы 72%-тен 2025 жылы 58%-ке дейін.
Тағы
бір маңызды тақырып - болашаққа инвестиция
салу. ЮНКТАД мәліметтері бойынша,
жаһандық тікелей шетелдік инвестициялар
(ТШИ) 2024 жылы 11%-ке қысқарып, 1,5 трлн
долларды құрады, бұл екінші жыл қатарынан
төмендеу үрдісін байқатты. Бұл ретте
2024 жылы дамушы елдерге ТШИ ағыны 0,2%-ке
ұлғайды. Әсіресе, Африкада Египеттегі
ірі инфрақұрылымдық жобаның арқасында
75%-тік ерекше өсім байқалды. Әсел
Сәрсенбаеваның айтуынша, 2050 жылға қарай
континенттің халқы 2,5 млрд адамға жетіп,
оны әлемдегі ең ірі тұтыну және еңбек
нарықтарының біріне айналдырады.
Конференция
инвестициялық саланың жетекші сарапшылары
мен тәжірибешілердің басын қосқанын
атап кеткен жөн, атап айтқанда, ірі
брокерлік және басқарушы компаниялардың
өкілдері, талдаушылар, қаржылық кеңесшілер
және сала көшбасшылары. Қатысушылар
тәжірибемен алмасты, өзекті тенденцияларды
талқылады және әлемдік нарықтың өзгермелі
жағдайларына бейімделу жолдарын бірлесіп
анықтады.
