Моноқалалар: Ақсу
05.09.2025
![]() Ақсу қаласы 1961 жылы 23 қазанда құрылды және бүгінде ол өңірдің негізгі өндірістік орталықтарының бірі. Әкімшілік тұрғыдан қала құрамына 6 ауылдық округ кіреді: Достық, Евгеньевский, М. Ом аров атындағы, Қызылжар, Қалқаман және Алғабас. Қала құраушы кәсіпорындар - Ақсу электр станциясы ("Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ) және Ақсу ферроқорытпа зауыты ("Қазхром ТҰК" АҚ) . Энергетика және металлургия - Ақсу қаласының негізгі салалары ғана емес, сонымен қатар қаланың келбетін қалыптастыратын және оның бүкіл ел бойынша үлесін айқындайтын экономикалық өзегі. Ақсу электр станциясы – белгіленген қуаты 2 450 МВт болатын өңірдің ең ірі энергетикалық активі. Қазақстандағы әрбір алтыншы киловатт-сағат дәл осы жерде өндіріледі, бұл елдің жалпы электр энергиясы көлемінің 17%-ін құрайды. "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ қызметкерлерінің саны – 4,5 мың адам (кәсіпорын құрамына "Шығыс" көмір кеніші де кіреді). Өнеркәсіп саласындағы екінші алпауыт - Ақсу ферроқорытпа зауыты. Өнімнің негізгі түрлері - жоғары кремнийлі ферросилиций, жоғары көміртекті ферроқорытпа. Жұмысшылар саны 6,5 мың адам, қуаты жылына 1,1 млн. ферроқорытпа. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ақсу қаласының халық саны - 51 796 адам. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 329,3 млрд. теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі - 102,3%. Экономикалық белсенділіктің негізгі көзі өңдеу өнеркәсібі – оның жалпы өндіріс көлеміне қосқан үлесі 82%-тен асады немесе 272,7 млрд.теңгені құрайды. Энергетика секторы да тұрақты позицияларды байқатады, электрмен жабдықтау саласындағы өндіріс 51,7 млрд. теңгені құрады (НКИ – 100,4%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 63,7 млрд. теңге, НКИ 2024 жылдың тиісті кезеңіне қатысты - 112,5% (2024 ж. – 55 млрд. теңге, НКИ-106,2%). Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 3 480 (3 840 бірлік тіркелген) немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 93,6%-ті (3 927 бірліктен 3 718 жұмыс істеп тұрғаны - 94,7%) құрайды. Жұмыссыздық деңгейі - 4,8%. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 462 881 теңге немесе 2024 жылға қарай 114,7%. Орталық сумен қамтамасыз ету – 98,0%, электрмен жабдықтау – 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 115,0 км. Жылу желілерінің тозуы 62,8%-ті, электр желілерінің тозуы 69%-ті, су құбыры желілерінің тозуы 60%-ті құрайды. Ақсуда қаланың өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге және жұмыспен қамту базасын кеңейтуге бағытталған үш зәкірлі инвестициялық жоба іске асырылып, іске қосылуға жоспарланып отыр.
Ақсу - қуатты энергетикалық базасы бар және өнеркәсіптік өндіріс деңгейі жоғары өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған және перспективалы қала. Павлодар қаласына жақын орналасуы, ірі кәсіпорындардың болуы және жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуы одан әрі экономикалық өсу мен өмір сүру сапасын арттыру үшін жақсы жағдайлар жасайды. Аманжолова Әйгерім ӨЗӨСО жетекші сарапшысы
Қарау саны: 72 |
|
|