Өңірлер: апта оқиғалары (2025 жылғы 1-7 қыркүйек)
08.09.2025
Қарағанды облысы. Өңірде машина жасау саласы дамып жатыр. Жыл басынан бері сала кәсіпорындары 1,4 мың автобус пен арнайы техника шығарды.
SARAN индустриялық аймағында HOWO брендінің жүк техникасын шығаратын зауыттың құрылысы басталды, оның қуаты толық жүктемеге шыққаннан кейін жылына 10 мыңға жетті. Жобаны іске асыру 1 мыңға жуық жұмыс орнын құруға және ауыр техника импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Өңірде қосымша 131 мың бірлік тұрмыстық техника және 372 мың автомобиль шинасы өндірілді. Мұның бәрі машина жасаудың өсуін қамтамасыз етеді және облыстың ішкі мен сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтады. Кәсіпорындардың өнімі ішінара экспортталады, алайда негізгі бөлігі Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңарту үшін пайдаланып, ел ішінде сатылады. SARAN ИА аумағынан жиынтық инвестициялары 472 млрд теңгені құрайтын 12 қатысушы тіркелді, бұл 4,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Сарыарқа» АЭА аумағында 24 қатысушы тіркелген, олардың 11-і өз жобаларын іске асырған, тағы 13-і құрылыс сатысында. Сонымен қатар, облыста ШОБ субъектілеріне арналған жалпы ауданы 50 мың шаршы метр болатын үш шағын өнеркәсіптік аймақ салынып жатыр. Бұл машина жасау мен сабақтас салалардың жедел дамуы үшін қажетті жағдай жасайды.
Ақтөбе облысы. Eurasian Resources Group (ERG) қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр станциясындағы барлық 24 турбинаны монтаждау жұмыстарын аяқтады. Бұл – өңірдегі жаңартылатын энергетика саласындағы басты жоба. «Хромтау» ЖЭС жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту міндетін шешуге елеулі үлес қосады. Жоба Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. Құрылысқа салынған инвестициялар 74 млрд теңгеден асты.
150 мегаватт белгіленген қуатпен «Хромтау» ЖЭС жылына 500 млн шаршы сағаттан астам «жасыл» энергия өндіруді қамтамасыз етеді. Станцияны іске қосу жыл сайын 440 мың тоннаға дейін көмірқышқыл газының шығарылуын болдырмауға және 300 мың тоннадан астам көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысы. Өңір тұрақты экономикалық өсуді көрсетеді және экономиканы ауқымды трансформациялауға бағытталған. Ағымдағы жылдың 7 айында ауыл шаруашылығында (+4%), негізгі капиталға инвестицияларда (+9,4%), құрылыста (+5,9%) өсім тіркелді. 151,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (+3,5%). Орташа айлық жалақы 407,2 мың теңгеге дейін өсті (+8,8%), жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталды. 11,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 6,5 мыңы - тұрақты. Инфрақұрылым да белсенді дамып жатыр: Катон-Қарағай және Зайсан аудандарында әуежайлар құрылысы жүріп жатыр, өткен жылы Бұқтырма көпірі іске қосылды. 2025 жылы 104 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылып, 750-ден астам жұмыс орны құрылады.
Агросекторда жеңілдетілген несиелеуге баса назар аударылды: «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша жылдық 5%-пен 12,2 млрд теңге берілді, сүт мал шаруашылығындағы жобалар қаржыландырылды (сүт өндірісіне+10,1%). «Ауыл аманаты» бағдарламасы жылдық 2,5%-пен 2,5 млрд теңгеге 187 ауылдық жобаны қолдады. Қыркүйек айында Өскеменде Altay Invest-2025 инвестициялық форумы өтеді, онда өңірдің жаңа өнеркәсіптік және аграрлық жобалары ұсынылады.
Алматы облысы. 3,5 жыл ішінде өңірде 6,7 трлн теңгеге өнім шығарылды, 2024 жылы өндірілген өнім көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп болды. Бүгінде облыс өңдеу саласының көрсеткіштері бойынша республика облыстары арасында 6-шы орында орналасқан және өз позициясын нығайтуды жалғастырып жатыр. Өңдеу секторына өнеркәсіптің барлық көлемінің 90%-і тиесілі. Ағымдағы жылдың 7 айында өндіріс индексі 106,6%-ті құрады. Шикізаттық емес экономиканы дамыту басымдық болып қала береді, дәл осы вектор өңірге орнықты индустриялық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы. Аршалы ауданында агроөнеркәсіптік сектормен қатар индустриялық сала белсенді дамып келеді. Ағымдағы жылы мұнда бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр: жолдарды салу және жөндеу, теміржол вокзалдары мен Аршалы және Сарыоба маңындағы алаңдарды қайта жаңарту. Жыл соңына дейін «Бабатай – Қойгелді», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы» өңірлік трассаларында, «Екатеринбург – Алматы» трассасынан Түрген ауылына дейінгі автожолда, сондай-ақ Берсуат ауылына кірме жолда жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. Ауылдарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды бағыт болып қала береді. Жалтыркөл және Жібек жолы ауылдарында сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша жобалар аяқталды. Газдандыру саласында үлкен жұмыс жүргізілді: соңғы үш жылда 17 елді мекенге газ тартылды, 14 мыңнан астам отбасы газ жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. 2025 жылы газ Аршалы ауылы мен Ақбұлақ ауылындағы учаскеге берілетін болады.
Жамбыл облысы. Өңірдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 40%-тен астамы мал шаруашылығына тиесілі. Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыста тірі салмақта 64,8 мың тонна ет өндірілді. Жыл басынан бері 1,6 мың тонна ет және 340 тонна шұжық өнімдері экспортталды, оның ішінде сиыр еті – 661,2 тонна, қой еті – 953,7 тонна, жылқы еті – 0,2 тонна, құс еті – 1302,2 тонна. Өнім Қырғызстан, Катар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия нарықтарына жеткізіледі.
2025 жылдың 7 айында 130,8 мың тонна сүт өндірілді. «Агроөнеркәсіптік кешен жобаларына жеңілдікпен кредит беру» бағдарламасын іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 8 млрд.теңге және жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды, оның ішінде, сүт фермаларын салу бойынша 4 жоба. Облыста құс шаруашылығы белсенді дамып келеді. «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикасының қуаты жылына 12 мың тоннаға, ал «Алель Агро» ЖШС 14 мың тоннаға дейін жеткізілді.
Қарағанды облысы. Қарқаралы ауданында сирек кездесетін Күйректікөл металдар кен орнында іздеу жұмыстары аяқталды. Болжамды қорлар 28,2 млн тоннаға бағаланады. Кен орнын игеру өңірдің тау-кен өндіру саласын дамытудың жаңа қозғаушы күші бола алады және елдің минералды-шикізат базасын кеңейтеді. Қазіргі уақытта жаңа зауыттар мен қажетті инфрақұрылым салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл сирек кездесетін және қымбат металдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын іске қосу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геологиялық барлау алтын, мыс және вольфрам кен орындарының болашақ игерілу қабілетін растады. Қолда бар әлеует өңірдің өндіруші ғана емес, өңдеу өнеркәсібін дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын қамтамасыз етеді, бұл облыстың жұмыспен қамтылуына және инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді.
Маңғыстау облысы. Бейжіңде ел Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақ-Қытай Іскерлік кеңесінің VIII отырысына өңір делегациясы қатысты. Келіссөздер қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен ірі қытай компаниялары арасында маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, «Zhongyun International Industrial Co., Ltd. (Heilongjiang)», «Inner Mongolia Guoyou Import & Export Trading Co., Ltd.» және «Tianjin Guoyou WuChan Group Co., Ltd.» кәсіпорынедары теңіз портын салып, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ниетті. «Gansu Joy Sturgeon Ecological Technology Co., Ltd.» компаниясы балық шаруашылығы, балық өңдеу және туризм саласындағы жобаларды іске асырады.
Мұндай бастамалар инвестицияларды тарту бойынша дәйекті жұмыстың нәтижесі болып табылады. Жасалған келісімдер облыс экономикасына ірі инвестициялардың келуіне жол ашады және бизнес пен халық үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Қызылорда облысы. Облыс басшылығының «Ardent Plastik» және «Nigde Plastik» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы Азми Б.Алтунташпен кездесуі барысында инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. Онда өңірдің агро-индустриялық болып табылатыны, дамудың жоғары қарқынын көрсететіні және серіктестік пен инвестициялар үшін жоғары әлеуетке ие екендігі атап өтілді. Әкімдік компанияның су үнемдеу технологиялары саласындағы тәжірибесіне қызығушылық білдіріп, барлық инфрақұрылымдық желілердің қолжетімді екендігіне, ал жобаларға қажетті техникалық шарттарды алуда жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендіре отырып, ынтымақтастықты ұсынды. Азми Б. Алтунташ инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған «Өндіріс» индустриялық аймағының жұмысымен танысып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Шығыс Қазақстан облысы. Облыс орталығында «Алтай» заманауи көтерме-тарату орталығы ашылды, ол өңірдегі осындай форматтағы ең ірі нысан болды. Жаңа хаб шаруаларды, өндірушілерді және сауда желілерін біріктіріп, «егістіктен дүкен сөресіне» қағидаты бойынша бірыңғай жеткізу жүйесін құруға арналған. Жоба ауыл шаруашылығы өндірушілеріне тұтынушыға тікелей шығуға және өнімді қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді: Ауданы 28,5 мың шаршы метр нысан өнім сапасын бақылау үшін заманауи көкөніс қоймасымен және зертханамен жабдықталған. Мұнда сүт және ет өнімдері, балық және жұмыртқа тексеріледі. Орталықтың айналасында қажетті инфрақұрылым салынып жатыр: жаңа жол өткізілді, автобус бағдарлары қайта жаңартылып, көлік әр 15-20 минут сайын жүретін болады. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жағдай жасалған.
«Алтай» орталығын іске қосу Шығыс Қазақстанның азық-түлік хабын қалыптастыруда және агробизнесті дамыту үшін заманауи жағдайлар жасауда шешуші рөлге ие болды.
Жамбыл облысы. Бейнеконференция байланысы арқылы жел энергетикасы үшін компоненттер өндіретін алғашқы іске қосу кешенінің ашылу салтанатына ел Президенті Қ.Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Бірінші вице-премьері Дин Сюэсян қатысты. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ мен жел энергетикасына арналған жабдықтардың әлемдік ірі өндірушісі – SANY Renewable Energy компаниясының табысты серіктестігінің нәтижесі болды. Бұл Қазақстандағы осындай алғашқы зауыт. Өндірістік база Шу қаласындағы «Жібек жолы» АЭА-да орналасқан. Кәсіпорын жел электр станциялары үшін гондолалар, күпшектер, мұнаралар және басқа да негізгі құранды бөліктерді шығарады. Жобаны іске асыру Қазақстанда жаңа ЖЭС құрылысын қамтамасыз етеді және елдің «жасыл» энергетикасын дамытуға елеулі үлес қосады.
Түркістан облысы. Мақта науқаны барысында туындауы мүмкін өзекті мәселелерді жүйелі шешу үшін зауыттар мен қабылдау пункттерінің жұмысына тұрақты мониторинг жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Кеңес барысында шаруалар өз ұсыныстарын айтып, проблемаларын жария етті. Мақта өңдеу зауыттарының өкілдері де өздерінің қиындық тудырған мәселелері туралы айтып, осы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Аудан әкімдіктеріне шитті мақтаны сатып алу немесе терең өңдеу үшін инвесторларды тарту қажеттілігі туралы ескертілді. Сондай-ақ оларға мақта зауыттарының өндірістік мүмкіндіктерін талдау және мақта қабылдау қуаты бойынша нақты болжам ұсыну тапсырылды.
Алматы облысы. Қонаевта қуаты жылына 6 млн. көшетті құрайтын заманауи орман тәлімбағының құрылысы басталады. Бұл формат өсімдіктердің жоғары өміршеңдігіне қол жеткізуге және өңірдің орман ресурстарын тиімді толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құны 3,5 млрд теңгені құрайтын жоба лизинг және жергілікті бюджет қаражаты арқылы іске асырылатын болады. Қазірдің өзінде ауданы 9 га учаске бөлінді, құжаттамасы ресімделіп жатыр. Жаңа тәлімбақ өңірге өзін өсімдік отырғызу материалымен қамтамасыз етуге және өңіраралық жеткізу деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Бұл экологиялық тепе-теңдікті нығайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады. Бастама Президент Қ. Тоқаев белгілеген басымдықтарға сәйкес келеді және «жасыл экономика» мен ел оңтүстігінің экологиялық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады.
Қарау саны: 68 |
|
|