Кеше Экономикалық зерттеулер институтында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі магистранттарына арналған көшпелі дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара «Мемлекеттік басқару» бағдарламасы аясында өткізіліп, болашақ мемлекеттік менеджерлер үшін тәжірибеге бағытталған оқытудың маңызды бөлігіне айналды.
Академия
тарапынан дәрісті Айгүл Айтбаева оқып,
мемлекеттік әкімшілендіру саласындағы
өз тәжірибесін бөлісті, мемлекеттік
басқару жүйесін дамытудың қазіргі
сын-қатерлері мен үрдістерін атап өтті.
Экономикалық
зерттеулер институты атынан Шахарбану
Жакупова
сөз алып, Институттың қызмет бағыттары,
зерттеу миссиясы, стратегиялық құжаттарды,
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге
және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға
қосқан үлесі жөнінде кеңінен баяндады.
Сондай-ақ, Институттың билік органдарына
ғылыми негізделген ұсынымдар беретін
сараптамалық орталық ретіндегі рөліне
ерекше назар аударылды.
Дәріс
барысында қатысушылар мемлекеттік
стратегиялар мен тұжырымдамалардың
қалай әзірленетінін, қандай талдау және
болжау құралдары қолданылатынын,
сондай-ақ тиімді басқарушылық шешімдер
қабылдаудағы сараптамалық зерттеулердің
маңызын білді. Магистранттар сұрақ
қойып, пікір алмасып, мемлекеттік
басқарудың өзекті мәселелерін Институттың
жетекші сарапшыларымен талқылауға
мүмкіндік алды.
Осындай
көшпелі сабақтар ғылыми қауымдастық
пен болашақ мемлекеттік басқару
практиктері арасындағы байланысты
нығайтып, студенттердің мемлекеттік
шешімдер әзірлеу процесінде талдау мен
зерттеудің маңызын
терең
түсінуге
ықпал етеді.
