Алматы қаласы бюджетінің 2022-2024 жылдарға арналған шығындары

18.09.2025

Алматы қаласы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) кейінгі 2 жылда 44,4%-ке – 2022 жылғы 1,1 трлн теңгеден 2024 жылы 1,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Алматы қаласы бюджеті шығындарының құрылымы негізінен қалыпты. 2022-2024 жылдар ішінде білім беру шығындары (барлық шығындардың орта есеппен 29,8%), трансферттер (орта есеппен 17,2%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (орта есеппен 16,2%), көлік және коммуникация (орта есеппен 12,6%) салалары қаржыландыруды талап ететін басым бағыттар болды. Басқа бағыттарға барлық шығындардың оннан бір бөлігі тиесілі.

Мәселен, 2022-2024 жылдары білім беруге жұмсалатын шығындар 44,1%-ке (326,4 млрд теңгеден 470,4 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, трансферттер 4,0%-ке (239,7 млрд теңгеден 230,1 млрд теңгеге дейін) азайды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығындар айтарлықтай ұлғайды, олардың өсуі 97,8%-ке (141,6 млрд теңгеден 280,0 млрд теңгеге дейін) жетті, көлік және коммуникациялар шығындары барлық бағыттар бойынша ең жоғары өсімді көрсетті – 2,6 есе (97,7 млрд теңгеден 255,8 млрд теңгеге дейін).

Көлік пен коммуникацияға, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығындардан басқа, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер саласында айтарлықтай өсім байқалады. Олар 2 есе – 2022 жылғы 13,2 млрд теңгеден (барлық шығындардың 1,2%) 2024 жылы 26,6 млрд теңгеге (барлық шығындардың 1,7%) дейін өсті.

Көлік және коммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер шығыстарының айтарлықтай өсуі Алматы қаласының инфрақұрылымын, ТКШ және әкімшілік функцияларын дамытудың маңызы артқанын көрсетеді.



Қарау саны: 27
Сақталған: 18.09.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!