Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарына арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелеріне арналды. Оның мақсаты – өңірлік билік өкілдерінің құзыретін арттыру және ТДМ қағидаттарын өңірлік жоспарлар мен бюджеттерге енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
Экономикалық
зерттеулер институты ТДМ жөніндегі
үйлестіру кеңесінің хатшылығы қызметін
атқара отырып, семинар жұмысына белсенді
қатысты. Институт сарапшылары ТДМ-ды
жергілікті жағдайларға бейімдеудің
тәжірибелік тәсілдері мен ұсыныстарын
таныстырды.
«ТДМ-ды
жергілікті деңгейде іске асыруда
бюджеттеудің рөлі» тақырыбында
Экономикалық зерттеулер институты ТДМ
хатшылығы директорының орынбасары
Нұртуған Уралбаев баяндама жасады.
Сондай-ақ ТДМ хатшылығының жетекші
сарапшысы Қарлығаш Болат «Тұрақты даму
мақсаттарын ұлттық деңгейде енгізу
және жергілікті деңгейде бейімдеудің
институционалдық негіздері» тақырыбында
сөз сөйледі.
Семинарды
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің
үйлестіруімен Экономикалық зерттеулер
институты және БҰҰ Даму бағдарламасы,
сондай-ақ мәслихат аппараттары мен
жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырды.
Экономикалық
зерттеулер институты сарапшыларының
мұндай
іс-шараларға қатысуы
Қазақстан өңірлерінде ТДМ-ды ілгерілетудегі
олардың талдамалық және әдістемелік
рөлінің маңызын айқындай түседі. Бұл
елімізде теңгерімді әлеуметтік-экономикалық
және экологиялық дамудың орнықты жүйесін
қалыптастыруға ықпал етеді.
