Экономика және заң: мемлекеттік қызмет реформалары
19.09.2025
Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 83 мың мемлекеттік қызметші болған. Сол жылы адамға, тиімділік пен ашықтыққа бағдарланған басқарудың сервистік моделіне көшуді көздейтін Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң жобасы әзірленді.
Заң жобасында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор үшін Бірыңғай ақпараттық кадр жүйесін енгізу; әрбір мемлекеттік органда әдеп пен тәртіпті бақылау жөніндегі өкілеттіктері бар құқық бұзушылықтың алдын алу қызметін құру регламенттеледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке дайындық үшін ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылады. Әрі қарай басқа елдердегі мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі заңнамалық бастамаларды қарастырайық.
Испанияда
3 миллионнан астам мемлекеттік қызметші
бар, олардың шамамен 30%-і уақытша
келісімшарттар бойынша жұмыс істейді.
Уақытша жұмыспен қамтудың мұндай жоғары
деңгейі ЕО бағдарынан (8%-тен аспауы
керек) едәуір асып түседі. Осыған
байланысты Испанияда мемлекеттік қызмет
реформалары мемлекеттік басқару
жүйесіндегі уақытша қызметкерлердің
жоғары үлесі сияқты құрылымдық проблеманы
шешуге бағытталған. 2021 жылы «Мемлекеттік
секторда уақытша жұмыспен қамтуды
қысқарту жөніндегі шұғыл шаралар туралы»
20/2021 Заңы қабылданды, ол уақытша
қызметшілерге еңбек өтілін ескере
отырып конкурстар арқылы, кей жағдайларда
тіпті емтихан тапсырмай-ақ жұмыс өтілі
мен сіңірген еңбегіне қарай тұрақты
жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. 2023 жылы уақытша қызметшілерді арнайы конкурс немесе аттестаттау арқылы тұрақты қызметке ауыстырудың ерекше тетіктерін институционалдандыруды көздейтін «Мемлекеттік қызметті реформалау туралы» заң жобасы дайындалды. Оның 2021 жылғы шарадан айырмашылығы – мұндай рәсімдерді тұрақты заңнамада бекіту ұсынылады. Стандартты ашық конкурстардың орнына осындай қызметкерлер үшін конкурстардың немесе аттестациялардың ерекше рәсімдерін өткізу ұсынылады. Мұндай шара ЕО Сотының (мерзімді келісімшарттарды теріс пайдалануды шектеу туралы) шешімдерін орындау қажеттігіне негізделгендіктен, бастама пікірталас тудырды. Сыншылар, соның ішінде Еуропалық парламент өкілдері тең қолжетімділік пен меритократия қағидаттары бұзылу мүмкін екенінен қауіптенді. Қазір заң жобасы қаралып жатыр және оның ЕО нормаларына сәйкестігін Еуропалық комиссия талдайды.
Италия Италияда мемлекеттік қызмет персоналының саны кейінгі онжылдықта шамамен 4 млн-нан 3,2 млн адамға дейін қысқарды. Оның ішінде 2021 жылдан бастап 300 мыңға жуық мемлекеттік қызметші зейнетке шыққан. Зейнетке шыққандар саны көп болып, ақпараттық технологиялар саласында мамандар жетіспегендіктен кадр азайып Үкімет персоналды іріктеу жүйесін жетілдіру жөнінде іс-шаралар қабылдады. 2023 жылдың
шілдесінде қоғамдық әкімшіліктегі
лауазымдарға конкурстық іріктеудің
жаңа регламенті күшіне енді (D. P. R. 16
giugno 2023, n. 82).
Реформаның негізгі мақсаты – конкурстық
рәсімдерді оңтайландыру және цифрландыру.
Атап айтқанда, конкурс ұзақтығының
шекті мерзімі 6 айдан аспайды, бұл жалдау
уақытын едәуір қысқартуға тиіс. Сонымен қатар, бос жұмыс орындарын жариялау және өтінімдерді қабылдау үшін InPA бірыңғай цифрлық порталын пайдалану міндеттелді. Осылайша, ресми басылымдарға хабарландыруларды бірнеше рет жариялау тәжірибесі жойылды. Реформа нормативтік деңгейде бекітілген және жария әкімшілік органдардың кадрлық тәжірибесінде қолданылады, бұл ретте рәсімдерді одан әрі оңтайландыру мәселесі күн тәртібінде қалады.
Қырғызстан Қырғызстанда 2025 жылдың басында 19 мыңға жуық мемлекеттік қызметші болған. Мемлекеттік қызмет жүйесі бірқатар өзгерістерге ұшырады: 2025 жылғы қаңтарда «Мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалдық қызмет туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, Заңның күші саяси мемлекеттік лауазымдарды, арнайы мемлекеттік лауазымдарды және саяси муниципалдық лауазымдарды атқаратын адамдарға да қолданылады. Бұл – олардың қызметі мәртебесін реттейтін өзге заңнамада қарастырылмаған шектерде ғана жүзеге асады. Алайда, бұл нормалар Қырғыз Республикасының Президентіне және Жогорку Кенеш депутаттарына қолданылмайды. Кейінірек, 2025 жылдың маусымында жаңа түзетулер қабылданды. Өзгерістерге сәйкес кіші лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары жеңілдетілді: кез келген жоғары білімі бар кандидаттар қабылданады, ал бағытты Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің келісімі бойынша мемлекеттік орган айқындайды. Министрліктерде конкурстан тыс тағайындауларға 10%-ке дейін квота енгізіліп, басым міндеттер үшін сарапшыларды тез тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заңда биліктің «сенімін жоғалтқан кезде» бастамасы бойынша жұмыстан шығару тетігі бекітілген. 2 https://www.europarl.europa.eu/doceo/document/E-9-2023-001492_EN.html#:~:text=In%20an%20effort%20to%20mitigate,the%20effectiveness%20of%20public%20policies
Қарау саны: 54 |
|
|