Міндетті талаптар тізілімі – Қазақстандағы іскерлік ортаны трансформациялау құралы

19.09.2025

Кейінгі бес жыл ішінде Қазақстандағы реттеушілік саясаттың базалық қағидаттары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнеске артық әкімшілік қысымның төмендеуін ескеретін кәсіпкерлік қызметті «жаңадан» реттеу туралы бастамасы іске асырылып жатыр.

Ескі талаптарды алып тастау және артық талаптарды оңтайландыру мақсатында 2021 жылы кәсіпкерлік саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері туралы ҚР Заңы шеңберінде кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) енгізілді.

Заң жүзінде Міндетті талаптар тізілімі Қазақстанда бизнес өкілдері басшылыққа алуы тиіс барлық негізгі реттеушілік актілер жиналған ашық онлайн дерекқор ретінде анықталады.

Кейінгі екі жылда мемлекеттік органдар кәсіпкерлікке 44 сала бойынша қойылатын талаптары бар реттеушілік актілерді қайта қарады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер үшін Міндетті талаптар тізілімі жұмыс істей бастады. 2023-2025 жылдар аралығында нормалардың шамамен 15%-і алып тасталды, бұл өз кезегінде бизнесті артық есептіліктен босатты. Тізілімнің іске қосылуы «заңды білмегені» үшін айыппұлдарды азайтуға және талаптарды үйренуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Ал ол уақытты бизнесті дамытуға жұмсауға болады.

Бизнестің дамуына жұмсаудың орнына талаптарды зерттеуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Бұрын кәсіпкерлер өз уақытының 20%-ін нормативтерді түсіндіруге кетіретінБүгінде Тізілімге оңай қол жеткізу мақсатында оның eGov-пен интеграциясы қамтамасыз етілген.

Қазақстандағы Міндетті талаптар тізілімі бизнеске арналған реттеушілік ортаны оңайлату мен цифрландыру бойынша әлемдік үрдіспен әрекет етіп жатқанын байқатады. Өз тәжірибемізге бейімдеп алуға болатын сәтті шетелдік практикалардың бірі – Business One-Stop Shop бірыңғай цифрлық терезесін пайдаланатын Сингапур тәжірибесі. Бұл платформа бизнесті бір күнде тіркеуге мүмкіндік беретін барлық реттеушілік талаптарды біріктіреді. Интеллектуалды талдамамен интеграция жасау арқасында жүйе кәсіпкерлерге өз қызметінің түріне сәйкес келетін нормативтік талаптарды ұсынады. Қазақстанда дербес ұсынымдардың осындай тетігін енгізу реттеушілік сәйкестіктің (compliance) деңгейін 20-25% арттыруға және бизнеске әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін еді.

Қазақстан Республикасында Тізілімнің жұмыс істеуі реттеушілік саясаттағы маңызды реформаға айналды, алайда қазір жергілікті атқарушы органдардың ерекше құзыретіне жататын нормативтік-құқықтық актілерді Тізілімге енгізу бойынша органдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажет.

Келесі кезең – реттеудің ашықтығын, болжамдығын және тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект және блокчейн технологияларын енгізуді қоса алғанда, реттеушілік саясаттағы цифрлық шешімдерді кеңейтуге назар аудару.

Осылайша, 2023 жылы міндетті талаптар тетігінің енгізілуі Қазақстанда реттеушілік ортаны трансформациялауда маңызды қадам болды. Қабылданған шаралар шағын және орта кәсіпкерлік секторында әкімшілік жүктемені азайтуға, реттеу процестерін оңайлатуға жәрдемдесті және инвестициялық белсенділікті ынталандырды.



1 Отчет НПП «Атамекен» за 2024 год, https://atameken.kz

Шахзатхан Нұршат Бекзатханқызы

Бәсекелес ортаны зерттеу орталығының сарапшысы



Қарау саны: 24
Сақталған: 19.09.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!