Экономика және заң: кредиттік-рейтингтік агенттіктер
22.09.2025
Қазақстанда 2025 жылы ұлттық рейтинг агенттігін құруды көздейтін «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Заң жобасы жария талқылауға шығарылды. Заң жобасы – КРА-ның құқықтық мәртебесін бекітетін, тану/рұқсат беру рәсімдерін, тәуелсіздікке қойылатын талаптарды, мүдделер қақтығысын басқару мен әдіснамалар ашуды енгізетін, сондай-ақ қадағалауды күшейтетін елдегі рейтингтік агенттіктердің алғашқы кешенді реттеуі.
Әзірге Қазақстанның өзіндік рейтинг агенттігі жоқ. Қазақстандық эмитенттерге барлық жария кредиттік рейтингтерді «үлкен үштікке» кіретін халықаралық агенттіктер берді. 2022 жылдың ортасындағы жағдай бойынша 75 қазақстандық компания рейтингтерге ие болды: Fitch-тен 42, Moody's-тен 25 және S&P-ден 34 рейтинг. Осылайша, ҚР ішкі нарығындағы рейтингтер 100% шетелдік ұйымдардан келді (Fitch үлесі – 41,6%, S&P – 33,7%, Moody's – 24,7%).
АҚШ Қазір АҚШ-та ұлттық деңгейде танылған және статистикалық рейтингтік ұйым ретінде тіркелген 10 рейтинг агенттігі бар. Бұл ретте «үлкен үштікке» кіретін S&P Global, Moody's және Fitch Ratings агенттіктері рейтингтік қызметтер нарығының шамамен 90-95%-не ие, яғни берілген рейтингтердің барлығы осы құрылымдарға тиесілі.
Алайда,
АҚШ-та 2023 жылы қаржы жүйесінің рейтинг
агенттіктеріне тәуелділігін төмендету
бойынша қадамдар жасалды. Бағалы қағаздар
және биржалар жөніндегі комиссия (SEC)
2023 жылғы маусымда M Регламентіне (Final
Rule «Removal of References to Credit Ratings From Regulation M»,
Release № 34-97657, RIN 3235-AL14), 2023 жылғы 7 маусымда
бекітілген, 2023 жылғы 21 тамызда күшіне
енді) өз ережелерінен кредиттік
рейтингтерге тікелей сілтемелерді алып
тастайтын және оларды «балама кредиттік
өлшемшарттармен» алмастыратын түзетулер
қабылдады.
Атап айтқанда, M Регламентінен (бағалы
қағаздардың жаңа шығарылымдары кезінде
нарықты манипуляциялауға қатысты)
«инвестициялық рейтинг» ескертулері
алып тасталды – оның орнына ерекше
жағдайлар үшін эмитенттің дефолт
ықтималдығын есептеу және басқа да
объективті көрсеткіштер қолданылады. Бұл өзгерістер Додд-Франк Заңының мүдделер қақтығысын және рейтингтік агенттіктердің реттеуге шамадан тыс әсерін жоюды талап ететін мандатын орындау үшін жасалды. Осылайша, АҚШ 2008 жылғы дағдарыстан кейін басталған рейтингтік агенттік заңнамасын реформалауды жалғастырып, рейтингтік қызметті бақылауды күшейтіп, сыртқы рейтингтердің орнына несиелік тәуекелдің балама көрсеткіштерін пайдалануды ынталандырды.
Үндістан Үндістанда 8 ресми аккредиттелген рейтинг агенттігі бар, олардың ішіндегі ең ірілері - ұлттық CRISIL, ICRA, CARE, India Ratings және т. б. Үндістан нарығы, сонымен қатар, ішкі агенттіктерге бағытталған – шетелдік агенттіктердің үлесі үлкен емес, рейтингтердің негізгі пулы жергілікті агенттіктерді қамтамасыз етеді. 2023 жылы Үндістан ESG рейтингтерінің қарқынды дамып келе жатқан сегментіне назар аудара отырып, рейтинг қызметтерін реттеу аясын кеңейтті. Үндістанның Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (Securities and Exchange Board of India - SEBI) жеке тараумен толықтыра отырып, «Рейтингтік агенттіктер туралы ережеге» түзетулер қабылдады, атап айтқанда: ESG-рейтинг провайдерлерін (экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы рейтингтер) аккредиттеу міндеттелді. Яғни, өзгерістерге сәйкес, ESG бағалау провайдерлері SEBI сертификатын алып, ресурстардың жеткіліктілігіне, персоналдың құзыреттіне, әдістемелердің ашықтығына және минималды капиталға қойылатын талаптарды сақтауы керек5. Бұл өзгерістер ESG-рейтингілеу саласындағы сенімділік пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған және кредиттік рейтинг агенттіктерін бақылау мен қадағалауды қатаңдатудың бөлігі саналады. Бұл – рейтингтік бизнесті реттеу тенденцияға айналғанын көрсетеді.
Армения 2025 жылғы маусымда Арменияның Орталық банкі кредиттік рейтингтік ұйымдарды ұлттық қаржы жүйесіне жіберуге қатысты реттеу актілеріне (Regulation 2) өзгерістер енгізді. Түзетулер рейтингтік ұйымдар үшін жаңа өлшемшарттарды бекітеді: капиталдың ең төменгі мөлшері (1 млрд драм - шамамен 2,5 млн АҚШ доллары), кем дегенде 8 жыл үздіксіз қызмет ету, кем дегенде 100 рейтинг беру (оның ішінде кейінгі үш жылдағы 30 және 10 қаржы институттарына), Агенттік мемлекеттік органдар мен үлестес тұлғалардан тәуелсіз болуы, өзіндік бағалау әдіснамасы болуы және жылына кемінде бір рет рейтингтердің тұрақты жаңаруын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ рейтингтік агенттіктерге рейтингтерді тағайындау кезінде қолданылатын модельдерінің негізгі параметрлері мен әдіснамалық негіздерін жариялау талабы белгіленді. Орталық банктің ресми рұқсаты банктер кредиттік тәуекел мен капитал нормативтерін есептеу кезінде осы ұйымның рейтингтерін пайдалана алуы үшін міндетті шартқа айналады. Өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда АОБ рұқсат беруден бас тартуға немесе оны қайтарып алуға құқылы.
1 https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15503835 2 https://www.sec.gov/newsroom/speeches-statements/crenshaw-statement-credit-ratings-060723#:~:text=implementation%20of%20a%20Dodd,9 3 https://www.federalregister.gov/documents/2023/06/20/2023-12591/removal-of-references-to-credit-ratings-from-regulation-m
Қарау саны: 97 |
|
|