Алматыда ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған басшылық қағидаттары бойынша семинар өтті

22.09.2025

19 қыркүйекте NARXOZ University және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттары: Адам құқықтарын қорғау және компаниялардың беделдік тәуекелдерін төмендету құралы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жанындағы Әлемдік экономика зерттеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) өткізді. Семинарға құқық, экономика және гуманитарлық факультеттердің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Семинар спикерлері ретінде Орталық директоры Әлібек Райпов және Орталық директорының орынбасары, Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығының жетекшісі Жанар Төлегенова сөз сөйледі. Олар корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің (КӘЖ) маңыздылығын және ЭЫДҰ қағидаттарыныңкомпанияларға барынша ашық әрі жауапты қызмет атқаруға көмектесетінін атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар Ұлттық байланыс орталығының қызметімен және оның дауларды шешу алаңы ретіндегі рөлімен танысты. Болашақ заңгерлер үшін шағым беру рәсімі талданса, экономистер мен менеджерлер үшін мұндай шағымдардың компаниялардың беделіне және қаржылық тәуекелдеріне ықпалы түсіндірілді.

Арнайы қызығушылық тудырған бөлім - нақты кейстің талдауы болды. Ол ЭЫДҰ қағидаттарыныңпрактикада қалай қолданылатынын айқын көрсетті. Семинар қызу пікірталаспен аяқталып, студенттер өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Іс-шараның тиімділігін бағалау мақсатында семинарға дейін және кейін сауалнама жүргізілді. Нәтижелері аудиторияның білім деңгейінің айтарлықтай артқанын көрсетті. Сонымен қатар сауалнама нәтижелері жоғары деңгейдегі меңгеруді көрсетті: қатысушылар НКЦ-нің мәні қандай және оның қалай жұмыс істейтінімен танысқанын атап өтті.

Алынған деректер мұндай білім беру бастамаларының жоғары сұранысқа ие екенін және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге ықпал ететінін дәлелдейді. Семинар студенттердің практикалық дағдыларынқалыптастырып, қазіргі замандағы жауапты бизнесті жүргізудің маңыздылығын терең түсінуге жол ашты.



Қарау саны: 75
Сақталған: 22.09.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!