Экономикалық зерттеулер институты ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) сарапшыларымен, Абай облысы мәслихатының аппаратымен бірлесіп Абай облысы мәслихатының депутаттарына арналған Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жергілікті деңгейде іске асыру бойынша семинар-тренинг өткізді.
Облыс
мәслихаты аппаратының АӨК дамыту және
экология мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы Уәлихан
Майжанов
семинарды бастап, іс-шараның өңірдің
тұрақты дамуын нығайтудағы маңызын
атап өтті. Бұдан әрі БҰҰДБ сарапшысы
Ахметов
Артур
БҰҰДБ-ның елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуына және Қазақстан өңірлерінде
ТДМ-ның іске асырылуына қосқан үлесі
туралы айтты. Сондай-ақ, Абай облысының
Экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы Стратегиялық жоспарлау
бөлімі басшысының м.а. Смайлова
Ардақ Есхатқызы семинарға қатысушыларды
алғыс сөзімен қарсы алып,
өңірдің стратегиялық жоспарлау және
даму бағдарламаларының қазіргі құжаттары
ТДМ индикаторларын қамтитынын ескерді.
БҰҰДБ
бюджеттік жоспарлау жөніндегі сарапшысы
Шолпан
Әйтенова «Тұрақты дамуды жергілікті
деңгейде қаржыландыру» тақырыбында
сөз
сөйледі. Айтенова
ханым баяндамасында Абай облысы Әл-ауқат
индексінің талдауын, өңірлік индекстің
кедергілері мен оң үрдістерін, өңірлік
стандарттар жүйесін және облыстың Даму
жоспары бойынша орындалуы мен бюджеттің
игерілуі бойынша есептерді ұсынды.
Жергілікті
деңгейде ТДМ-ға қол жеткізу туралы
«ТДМ-ды ұлттық және жергілікті деңгейде
іске асырудың институционалдық негіздері»
тақырыбы бойынша Экономикалық зерттеулер
институты ТДМ жөніндегі Хатшылықтың
жетекші сарапшысы Қарлығаш
Болат
баяндама жасады. Өңірлік жұмыс практикасына
ТДМ индикаторларын енгізу бойынша
мәселелер атап өтілді және Балалардың
хал-ахуал индексінің негіздері талқыланды.
Қатысушылар
ақпараттық-ағарту жұмысын күшейтудің,
бюджеттік өтінімдерді келісу процесінде
мәслихаттардың рөлін арттыру маңызын,
сондай-ақ әрбір облыстың, аудандар мен
ауылдардың ерекшеліктерін ескере
отырып, ТДМ бойынша бірыңғай даму
бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін
талқылады.
Экономикалық
зерттеулер институты ТДМ жөніндегі
Хатшылық сарапшысы Санжар
Бөлегенов тұрақты даму мақсаттарына
қол жеткізуде балама шешімдерді іздеуге
бағытталған «Баламалы шешімдері бар
практикалық кейстер» интерактивті
ойынымен бадарламаны қорытындылады.
Іс-шара
нәтижелері бойынша қатысушылар ТДМ-ды
жергілікті деңгейде іске асыру,
институционалдық мүмкіндіктерді нығайту
және мәслихаттар, атқарушы органдар
мен сараптамалық қоғамдастық арасындағы
диалогты кеңейту жөніндегі жұмысты
жалғастыруға үлкен қызығушылық танытты.

