ЭЗИ-дің бас ғылыми қызметкері Шахарбану Жақыпова халықаралық форумда сөз сөйледі

23.09.2025

Бүгін Экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Шахарбану Жақыпова «Каспий өңірі дәуірлер мен мәдениеттер тоғысында: тұрақты даму парадигмасының сын-тегеуріндері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-білім беру форумында онлайн-баяндама жасады. Форум 2025 жылғы 22-26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында өтеді.

Сарапшының баяндамасы тақырыбы – «Қазақстанның Каспий өңіріндегі әйелдердің жұмыспен қамтылуы: ықпал етуші факторлар, мәселелер және перспективалар». Бұл баяндама «Адами ресурстар және әлеуметтік тұрақтылық» сессиясында ұсынылып, қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Пікірталас барысында Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, өңірлерде көшбасшылық әлеуетті қалыптастыру, еңбек нарығындағы теңсіздіктер мен олардың бөліністік қатынастарға ықпалы, экономикалық жүйедегі деформациялар, халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тартылуы сияқты өзекті тақырыптар қаралды. Сонымен қатар адами капиталдың сапасын арттыру, білім беру мен еңбек нарығындағы гендерлік сегрегация, шағын және орта бизнесті дамытуға цифрландырудың ықпалы, халық табысын реттеудің институционалдық-құқықтық негіздерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Форумға Қазақстан мен шет мемлекеттердің ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен комитеттердің қызметкерлері, өндірістік компаниялар мен CAREC секілді халықаралық ұйымдар қатысты.

Шахарбану Жақыпованың баяндамасы Каспий өңірінің тұрақты дамуы үшін гендерлік теңдік пен адами капиталды дамытудың маңызын айқындап, болашақтағы зерттеулер мен практикалық шешімдердің негізгі бағыттарын белгіледі.



Қарау саны: 32
Сақталған: 24.09.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!