Кеше Экономикалық зерттеулер институты БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшыларымен және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің үйлестіруімен Ұлытау облысының мәслихат аппаратымен бірлесіп, Ұлытау облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған Тұрақты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде іске асыру бойынша семинарлар топтамасын аяқтады.
Семинарды
Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы
Бауыржан
Шыңғысов баяндамасымен бастап беріп,
әрі
қарай Ұлытау облысы Экономика басқармасының
басшысы Нұрлан
Әбдіқалымов сөз сөйледі. Ол өңірдің
2030 жылға дейінгі күн тәртібіне сәйкес
стратегиялық жоспарлау жасалғанын атап
өтті. Сондай-ақ жергілікті атқарушы
органдарда ТДМ-ды жергілікті деңгейде
іске асыру және Қазақстанның үшінші
Ерікті ұлттық шолу жобасын талқылау
бойынша бұрын өткізілген семинарлардың
маңызына да назар аударылды. Әрі қарай
Ұлытау облысының БҰҰДБ жобасының
үйлестірушісі Қанатбек
Зертүймеев сөз сөйлеп, БҰҰДБ-ның
Қазақстандағы рөлі, тұрақты даму
саласындағы ұлттық мақсаттар мен
міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу
жөніндегі Парламенттік комиссиямен
бірлескен жұмыс, сондай-ақ БҰҰДБ-ның
өңірде іске асырған бастамалары туралы
айтып берді.
Семинарда
спикер болып бірінші сөз сөйлеген Шолпан
Әйтенова Ұлытау облысының Әл-ауқат
индексіне талдау жасады. Баяндамада
өңірлік индекстің кедергілері мен оң
үрдістері, өңірлерді басқарудағы
орталықсыздандыру мәселелері, өңірлік
стандарттар жүйесі, сондай-ақ Ұлытау
облысының Даму жоспары шеңберінде
міндеттерді орындау бойынша есептер
қаралды. Орталықсыздандыру, атап
айтқанда, өңірлік басқарудағы мүмкіндіктер
мен күрделілік мәселелері, сондай-ақ
ұлттық ерекшелікті ескере отырып,
Қазақстанға пайдалы болуы мүмкін табысты
халықаралық тәжірибе қатысушылардың
ерекше қызығушылығын тудырды. Бұдан
басқа, Облысты дамыту бағдарламасының
нысаналы индикаторларының орындалуы
туралы есеп талқыланды.
Іс-шараның
екінші бөлімінде Экономикалық зерттеулер
институтының ТДМ жөніндегі Хатшылық
директорының орынбасары Нұртуған
Оралбаев сөз сөйледі.
Ол баяндамасында Қазақстандағы ТДМ-ға
қысқаша шолу жасап, ұлттық индикаторлар,
өңірлік стандарттар жүйесі бойынша
түсініктемелер берді және осы процесте
мәслихаттар мен ЖАО-ның рөлне тоқталды.
Қорытынды
интерактивті бөлімді Экономикалық
зерттеулер институты АҚ ТДМ жөніндегі
Хатшылық сарапшысы Санжар
Бөлегенов өткізді.
Топтық жұмыс шеңберінде қатысушылар
Қазақстанның ұлттық жоспарында және
облысты дамыту бағдарламасында ТДМ-ның
жергілікті деңгейде іске асырылуын
қарастырды, сондай-ақ ТДМ-ға қол жеткізуде
балама шешімдерді ұсынды. Қатысушылар
тапсырмаларды сәтті орындап, облысты
дамыту бағдарламасындағы индикаторларға
байланысты іс-шаралар бойынша мысалдар
келтірді, сондай-ақ ЖАО іске асыратын
шаралардың тиімділігін зерделеудің
маңызын атап өтті.
Семинар
тәжірибе алмасу, Ұлытау облысына тұрақты
дамудың жаһандық күн тәртібі негізінде
дамуға көмектесетін стратегиялық
міндеттерді талқылау және шешімдерді
бірлесіп іздеу үшін маңызды алаңға
айналды.
