Ақпараттық құралдардың автоматтандыру

21.09.2020

2020 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында ақпараттық құралдардың (АҚ) автоматтандырылу деңгейін анықтау мақсатында Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама тобының 3 онлайн-отырысы өткізілді.

Сараптама тобының жұмысына мемлекеттік органдар мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары қатысты: Асенова А. Е., Құрбанбаева Г. Т., Куанганова Г. Ш., Мукушева Д. А.  


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп, АҚ тізбесіне енгізілген ақпараттық құралдардың автоматтандырылу деңгейін бағалауды жүргізеді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №107 бұйрығымен бекітілген).

Бұл тізбе мынадай салаларға қатысы бар 439 ақпараттық құралдан тұрады:

• қоршаған ортаны қорғау

• астық нарығын реттеу

• тұқым шаруашылығы

• өсімдіктерді қорғау және карантин

• жер қойнауын пайдалану

• темекі өнімдерінің айналымы

• мұнай өнімдерінің айналымы

• энергетика және т. б.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдардың немесе өзге де тұлғалардың ақпарат беруі жөніндегі талаптар түсініледі. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес АҚ төмендегі өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:

1) ақпарат беру міндетті болып табылады және ақпаратты ұсынбау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады;

 
2) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері береді.


АҚ шығасыларының ауырлық дәрежесі бойынша рұқсаттардан және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудан кейін үшінші орында  тұр.

Бұл жерде AҚ рұқсат ретінде «нарыққа қарсы» сипатқа ие емес, оны алу қызметті бастамас бұрын бизнес үшін шығындармен байланысты болатынын атап кеткен жөн. Сондай-ақ ақпараттық құралдар мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүзеге асырылатын тексерулер сияқты үлкен шығындарға әкеп соқпайды. Алайда, рұқсаттар мен тексерулерден айырмашылығы, ақпараттық талаптар, әдетте, олардың адалдығы мен заңға бағынуына қарамастан, барлық нарық субъектілерінің орындауы үшін міндетті және олар ұсынылмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Отырыстардың қорытындысы бойынша мынадай министрліктер мен ведомстволарда ақпараттық құралдарды автоматтандырудың жоғары деңгейін атап өткен жөн: ҚР ҚМ - мұнай өнімдерінің айналымы саласында, темекі өнімдерінің айналымы саласында; ҚР ЭМ - газ және газбен жабдықтау саласында; ҚР ӘМ - Сот актілерін орындау саласында; ҚР ҰЭМ ТМРК - табиғи монополиялар саласында.


Қарау саны: 6063
Сақталған: 22.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!