26 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақстандағы азаматтық қоғам: сараптамалық болашаққа көзқарас» атты форсайт-конференция өтті. Іс-шараны Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы (АРГО) Қазақстан Республикасындағы Конрад Аденауэр қоры өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция
жұмысына Қазақстан азаматтық қоғамының
өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар,
мемлекеттік органдар, қоғамдық
бірлестіктер мен бастамашыл топтар
қатысты. Сондай-ақ ғылыми орта, зерттеу
орталықтары, консалтингтік құрылымдар
мен халықаралық ұйымдардың өкілдері
де қатысып, пікір алмасты.
Конференцияның
ашылуында Азаматтық қоғамды дамыту
қауымдастығының директоры Джамиля
Асанова құттықтау сөз сөйлеп, алдағы
3-5
жылға Қазақстандағы азаматтық қоғам
дамуының басым бағыттарын айқындау
және негізгі міндеттерді талқылау
форумның басты мақсаты екенін атап
өтті. Сонымен қатар Конрад Аденауэр
қорының Қазақстандағы директорының
м.а. Виктор Франк пен ҚР Мәдениет және
ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам
істері комитетінің төрайымы Гүлбара
Сұлтанова да қатысушыларға ізгі лебізін
жеткізді.
Форсайт-конференция
аясында «Қазақстандағы азаматтық
қоғамның болашағын талдау: сын-қатерлер
мен мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік
пікірталас өтті. Пікірталасқа Экономикалық
зерттеулер институты атынан Тұрақты
даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың
жетекші сарапшысы Қарлығаш Болат
қатысты. Сондай-ақ пікірталасқа Сенат
Спикерінің кеңесшісі, Сенат жанындағы
инклюзия кеңесінің төрайымы Ләззат
Қалтаева, ҚР Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Азаматтық қоғам істері
комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова,
«Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау
жөніндегі Қазақстандық халықаралық
бюро» қоғамдық бірлестігінің директоры
Евгений Жовтис және PaperLab зерттеу
орталығының директоры Серік Бейсембаев
қатысты.
Қарлығаш
Болат «Азаматтық қоғамның Тұрақты даму
мақсаттарын іске асырудағы және
Қазақстанның Ерiктi ұлттық шолуын
дайындаудағы рөлі» тақырыбында баяндама
жасады. Ол
Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерінің
Ерiктi ұлттық шолу дайындау процесіне
белсенді тартылуы, ТДМ-ға қол жеткізу
бойынша бағалауды үкімет қана емес,
азаматтық қоғам да жүргізетіні туралы
айтты. Сонымен қатар азаматтық қоғамның
алдағы жұмысына жаңа серпін беретін
бағыттарды ұсынды. Пікірталас соңында
спикерлер конференцияға қатысушылар
қойған сұрақтарға жауап берді.
Одан
әрі жұмыс топтық сессиялар форматында
жалғасты. Нәтижесінде қатысушылар
азаматтық қоғам дамуының стратегиялық
бағыттарын айқындап, нақты шешімдер
мен ұсынымдар әзірледі.