Жауапты бизнес: ЭЫДҰ сессиясында серіктестік кейстері талқыланды

30.09.2025

25 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Жауапты бизнес жүргізу жөніндегі жұмыс тобы ұйымдастырған «Ортақ табыс: мемлекеттер мен мүдделі тараптардың жауапты бизнес жүргізу саласындағы ынтымақтастығы» (Shared success: collaboration between governments and stakeholders on responsible business conduct) атты арнайы онлайн-сессияға қатысты. Іс-шара жауапты бизнес жүргізу (ЖБЖ) жөніндегі ЭЫДҰ-ның Көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын іске асыру аясында мемлекеттік органдардың, компаниялардың, кәсіподақтардың және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша үздік тәжірибе алмасуға арналды.

Сессияда мемлекет пен мүдделі тараптар арасындағы серіктестік модельдері орнықты даму тетіктерін нығайтуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және адал іскерлік стандарттарды сақтауға назар аударған нақты табысты тәжірибелер ұсынылды.

Франция өкілі Экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Еңбек министрлігі секілді бірқатар негізгі ведомстволармен ҰБО-ның институционалдық іс-қимыл тәжірибесін бөлісті. Ведомствоаралық үйлестірілген модель Францияға өтініштерді қараудың тиімділігін арттыруға, ЖБЖ-ны іске асыруға бірыңғай тәсіл енгізуге және ұлттық саясаттың келісімге келуін күшейтуге мүмкіндік берді. Германия Корпоративтік жауапкершілік пен әлеуметтік өзара іс-қимыл желісінің өңірлік жұмысы туралы баяндады. Бүгінде ондаған неміс компаниялары, оның ішінде ірі бизнес өкілдері де, шағын және орта кәсіпорындар да Желімен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Аталған желінің адам құқықтарын қорғау, экологиялық стандарттарды сақтау және жеткізілім тізбектеріндегі тәуекелдерді басқару бойынша табысты тәжірибелерді тарату мен хабардарлықты арттыру құралы ретіндегі рөлі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар Жаңа Зеландия кәсіподақтары, Перу азаматтық қоғам ұйымдары және Польшаның ҰБО өкілдері өз тәжірибесін ұсынды. Сөз сөйлеушілер барлық тараптар арасындағы тұрақты ашық диалогтің маңызына тоқталып, өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ететін және ЭЫДҰ стандарттарын институционалдық тұрғыда қолдайтын бейтарап әрі кәсіби платформа ретіндегі ҰБО-ның рөлін ерекше атап өтті.

Қазақстан үшін бұл сессияға қатысу мемлекет пен мүдделі тараптар арасындағы тиімді серіктестікті қамтамасыз ететін институционалдық тетіктерді басқа елдер тәжірибесінде зерделеудің маңызды мүмкіндігі болды. Ведомствоаралық үйлестіруден бастап платформалық ынтымақтастық форматына дейінгі кең ауқымды тәсілдерді қамтып ұсынылған тәжірибелер халықаралық тәжірибені ұлттық негізге бейімдейтін әдіснамалық негіз береді. Бұдан бөлек, алынған материалдар мен тәсілдер Қазақстан ҰБО-сының Орталық Азияда ЖБЖ стандарттарын ілгерілету аясында медиативтік және талдамалық платформа ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.



Қарау саны: 57
Сақталған: 09.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!