Демографиялық өткел: Орталық Азиядағы жас буын мен Еуропадағы қарттар арасындағы Қазақстан
01.10.2025
![]() Туу деңгейі төмен елдер халықтың қартайып жатқанына басқаларға қарағанда көбірек алаңдайды. Себебі бұл елдерде туу төмендеп кеткен кезеңде дүниеге келген адамдар еңбек нарығына шыққанда олардың саны еңбекке қабілетті адамдардың орнын толтыру үшін жеткіліксіз болады. БҰҰ-ның 2023 жылғы мәліметі бойынша, Еуропа, Солтүстік Америка елдерінде, Аустралия және Жаңа Зеландияда 65 жастан асқан халықтың үлесі – орта есеппен 19,2% болса, 0-14 жас аралығындағы балалар үлесі – 16,2%. Осылайша, бұл елдердегі еңбекке қабілетті халықтың демографиялық жүктемесі егде адамдарға көбірек түседі. Басқа елдермен салыстырғанда, Орталық Азияда халықтың басым бөлігі – жастар. БҰҰ-ның 2023 жылғы дерегі бойынша Тәжікстандағы егде жастағы халық үлесі – 3,7%, Түрікменстанда – 4,3%, Қырғызстанда – 5,4%, Өзбекстанда – 5,7%-ке жетті. Қазақстанда бұл көрсеткіш – 8,8%, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 9,2%-ке жетіп отыр.
Қазақстан өңірлеріндегі жағдай да ерекше қызық. Ең жас халық негізінен оңтүстік және батыс өңірлерде шоғырланған. Мәселен, 2025 жылдың басында Маңғыстау облысында қарт адамдардың үлесі – 5,7%, ал балалардың үлесі – 36,2%; Түркістан облысында – 6,2% және тиісінше 36,3% болған. Солтүстік аймақтың көрсеткіштерін еуропалық өңірлермен салыстыруға болады. Солтүстік Қазақстан облысында егде жастағы халықтың үлесі – 15,7%, балалар үлесі – 19,4%, Шығыс Қазақстан облысында – 16,3% және 20,9%, Қостанай облысында тиісінше – 14,1% және 20,5% болып отыр. Солтүстік өңірлерде халықтың қартаюының негізгі факторы – жастардың көші-қоны. Бірқатар өңірдегі мұндай демографиялық үрдістерге байланысты мынадай шаралар қабылдануы тиіс:
Шынар Төлешова экономикалық зерттеулер институтының өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығы директорының орынбасары
Қарау саны: 64 |
|
|