Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында барлық мемлекеттік орган арасында Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру бойынша көшбасшы болуға тиіс деген өршіл мақсат қойды. Бұл жерде жәй өзгеріс емес, жасанды интеллект пен цифрлық қызметтер ең алдымен салық төлеуші үшін ыңғайлы болатындай етіп іске қосатын интеллектуалсалық жүйесін құру туралы сөз болып отыр.
Бақылаудан
сенімге қарай
Салықтық
әкімшілендіру қысым көрсету құралынан
сенім құралына айналуы мүмкін бе?
Қазір бұл мәселе ерекше өзекті. Өйткені,
Қазақстанның заманауи салық саясатының
басты міндеті – қатаң
бақылауды тоқтатып, мемлекет пен салық
төлеуші арасында әріптестік орнату.
2026
жылғы жаңа Салық кодексі де осы идеяны
негізге алады. Негізгі түйін қарапайым:
мемлекет талап етіп қана қоймайды, көмек
те көрсетеді.
Салық
кодексі: жаңа акценттер
Салық
кодексі, атап айтқанда Кодекстің
47-бабының ережелері бұрын салық
органдарының жұмысында болмаған
шараларды тікелей бекітеді:
жаңа
салық төлеушілерді онлайн оқыту және
сүйемелдеу;
шалғай
өңірлердің және әлеуметтік осал
топтардың тұрғындары үшін көшпелі
қызмет көрсету топтары;
декларациялардың
салық органдарының көмегімен алдын
ала толтырылуы;
тәулік
бойы жұмыс істейтін шұғыл желілер,
чаттар және мобильді қосымшалар.
Мұның
бәрі бізге белгілі жағдайды өзгертеді:
салық төлеуші енді қағазбастылықпен
жалғыз күреспейді. Бақылау жүргізу
емес, қызмет көрсету бірінші орынға
шығады.
Әуелі
алдын-алу, содан кейін ғана жазалау
Сондай-ақ,
Салық кодексінің 90-бабында негізгі
бетбұрыс деп атауға болатын қағида
бекітілген: алдымен
ескерту жасау және көмек көрсету, содан
кейін ғана бақылау және жазалау.
Енді кәсіпкер немесе азамат айыппұл
туралы хаттаманы емес, ең алдымен төлем
мерзімі немесе декларация туралы ескерту
алады.
Цифрлық
хабарламалар, ескерту мен сүйемелдеу
қателік қаупін азайтып, азаматтарға өз
міндеттемелерін уақытында орындауға
көмектеседі. Бұл «бақылаушы-бұзушы»
моделінен «мемлекет-серікте» моделіне
қарай жасалатын қадам.
Мемлекет
пен қоғам арасындағы жаңа келісімшарт
Қағаз
жүзінде өзгерістер революциялық
ауқымдағы жаңашылдық болып көрінгенімен,
Заңдағы
өзгерістерді іс жүзінде пайдалана
аламыз ба деген сұрақ өзекті болып отыр
. Мұнда жауапкершілік мемлекет пен салық
органдарына жүктеледі.
Егер
жаңа сервистер ашық және дәйекті түрде
жұмыс істейтін болса, салық төлеуші
мемлекетті серіктес деп қабылдай алады.
Сонда салық ауыртпалық емес, ел болашағына
қосылған үлес ретінде есептеледі.
Жалпы,
Қазақстанда салықтық әкімшілендіру
философиясы өзгеріп жатыр. Қатаң бақылау
екінші орынға жылжып, алдын-алу, сүйемелдеу
және цифрлық технологиялар бірінші
орынға шығады. Мемлекеттің азаматтар
мен бизнес үшін реттеуші ғана емес,
сонымен бірге жауапты серіктес бола
алатыны оның «салық шартының» өз бөлігін
қалай орындайтынына байланысты болады.
Эльмира
Осипова
Экономикалық зерттеулер
институтының Фискалдық саясат орталығы
директорының орынбасары