 
| Астана қаласы бюджетінің 2022-2024 жылғы шығындары
03.10.2025
 
 
Астана қаласы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) кейінгі 2 жылда 48,8%-ке – 2022 жылғы 856,3 млрд теңгеден 2024 жылы 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Астана қаласының бюджет шығындары бағыттар бойынша салыстырмалы түрде біркелкі бөлінген. 2022-2024 жылдардағы шығындардың ең көп бөлігі, яғни орта есеппен 25,8%-ы білім беру саласына тиесілі. Олар 93,7%-ке – 2022 жылғы 188,5 млрд теңгеден 2024 жылы 365,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 
 Көлік және коммуникациялар саласы шығын көлемі бойынша үшінші орында тұр, оларға жұмсалатын шығындар орта есеппен 13,7%-ке тең. 2 жылда олар 18,5%-ке – 2022 жылғы 135,9 млрд теңгеден 2024 жылы 161,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қалған бағыттардың әрқайсысының үлесі барлық шығындардың 10%-не жетпейді. Бағыттар бойынша шығыстар динамикасын талдай келе, барлық бағыттың ішінде өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларына жұмсалатын шығындардың айтарлықтай өскені байқалды. 2 жылда олар 14,2 есе – 2,1 млрд теңгеден (барлық шығындардың 0,2%) 29,9 млрд теңгеге дейін (барлық шығындардың 2,3%) өсті. Бұл Астана қаласы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен өнеркәсібін ұйымдастыруға басымдық бергенін көрсетіп тұр. 
 
Қарау саны: 158 | 
| 
 
 
 
 
 
 
 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
 
   
   
   
 
 
 
 
 
| 
 |