Шикізаттық емес экспорт: аңыз әлде шындық?
07.10.2025
Қазақстан мұнай, уран және металдардан басқа не экспорттайды? Аталған дәстүрлі тауарлардан бөлек, қазақстандық экспорт әртараптандырылып келеді. Бидаймен бірге (жылына 235,9 млн долл), негізгі экспорттық тауарлардың ондығына жылына 109,4 млн-нан астам экспорттық табыспен күнбағыс майы кірді. Басқа шикізаттық емес тауарлар экспортының дамуын сауда серіктес-елдер бөлінісінде қарастыруға болады. Қазақстаннан АҚШ-қа экспорталатын негізгі шикізаттық емес тауарлар көлемі (2024 жыл): сутегі, инертті газдар және өзге де бейметалдар – 15,9 млн АҚШ доллары (0,8%), оптикалық талшықтар, линзалар, призмалар, айналар және басқа да оптикалық элементтер – 4,1 млн АҚШ доллары (0,21%), бидай желімтегі – 4,1 млн АҚШ доллары (0,21%). Қазақстаннан Түркияға экспортталатын негізгі шикізаттық емес тауарлар көлемі (2025 жылғы қаңтар-мамыр): мұнай өнімдері – 78,4 млн АҚШ доллары (6%), пропилен полимерлері – 34,5 млн АҚШ доллары (2,6%), кептірілген бұршақ дақылдары – 21,2 млн АҚШ доллары (1,6%), таралмаған мақта талшығы – 13,1 млн АҚШ доллары (0,99%).
Қырғызстанға мынадай тауарлар экспортталады (2025 жылғы қаңтар-маусым): мұнай өнімдері – 72,1 млн АҚШ доллары (9,5%), қант қосылған су, оның ішінде минералды және газдалған суды қосқанда – 62 млн АҚШ доллары (8,2%), темекі өнімдері – 35,5 млн АҚШ доллары (4,7%), бидай – 27,7 млн АҚШ доллары (3,6%), кокс және мұнай битумы – 23,1 млн АҚШ доллары (3%), бидай немесе бидай-қара бидай ұны – 17,9 млн АҚШ доллары (2,4%), цемент – 14,7 млн АҚШ доллары (1,9%), ыстықтай илектелген өзге де қоспаланбаған болаттан жасалған шыбықтар – 12,6 млн АҚШ доллары (1,7%).
Еуропа елдерінен 2023 және 2024 жылдары Словенияға экспортталатын негізгі позиция – фармацевтикалық тауарлар. 2024 жылы экспорттың айтарлықтай өскені байқалды, дәрі-дәрмектен басқа Қазақстан желімделген шерелерді, панельдерді, тағам өнімдері мен қарақұмықты, косметикалық құралдарды немесе бет әрлеу мен тері күтіміне арналған құралдарды, трансмиссиялық біліктерді жеткізе бастады. Германияға шикізаттық емес экспорттың негізгі өнімі – фосфор. Қытайға негізінен дәстүрлі позициялар экспортталады, бұл ретте 2024-2025 жылдары қазақстандық экономиканы әртараптандыру үрдісі экспортқа да әсер ете бастағанын айта кету керек. Осылайша, экспорттың алғашқы ондығына малға арналған дайын жемшөптер, тоң майлар мен майлар еніп, тұз, күкірт, цемент және қорғасын сияқты тауарларды ығыстырды. Бұл – біздің ҚХР-мен сауда жасаудағы жаңа даму деңгейлеріміз. Жабдықтар мен қазандықтар, пластмасса импортының ұлғаюымен қатар, алғаш рет Қытайға үлкен көлемде экспорт жасалғаны байқалды. Шикізаттық емес өсудің жаңа деңгейі – «реакторларға арналған отын элементтері» позициясы, 2024 жылы экспорт көлемі 255,6 млн АҚШ долларына, 2025 жылдың 1 жартыжылдығында 279,4 млн АҚШ долларына жетті. Жоғары көрсетілген мысалдардан біз мұнай өнімдерінің қазақстандық бренд болуы екіталай екенін түсінеміз, өйткені әлемдік бәсекелестік тым жоғары. Сонымен қатар, бастапқы шикізат түрінде мұнай ауыр, күкіртті зат. Дәнді дақылдардың брендке айналу мүмкіндігі жоғары (құрамында желімтек мөлшері жоғары, бидайдың қатты сұрыптары). Оны қалыптасқан бренд деп те айтуға болады. Қазақстандық майлы дақылдар экспорты да өсіп жатыр. Жалпы, тиісті қолдау көрсетіліп, маркетинг, қаптама, сапа мен баға стандарттарын сақтау сияқты сәттерге назар аударылса АӨК өнімдерінің әлемдік нарықта орнығу мүмкіндігі жоғары. Қолда бар индустриялық базамен, өңдеу өнеркәсібінің перспективаларымен қатар, қызметтер экспортының саласы да назар аударуға лайық. 10 жыл ішінде қызметтер экспорты екі есе өсті, қызметтер саудасының сальдосы 4 есе жақсарды. 2013-2024 жылғы қызметтермен сыртқы сауда жасау үрдісіне тоқталсақ: қызметтер экспорты 5,9 млрд доллардан 11,8 млрд долларға дейін 2 есе өсті. Қызметтер импорты 14,1 млрд доллардан 13,0 млрд долларға дейін 7,3% қысқарды. Бұл қызметтермен сауда жасау балансын 6,8 млрд долларға айтарлықтай жақсартты. Балансты жақсартуға көлік қызметтерімен сауда жасау (құбырлар, т/ж, әуе), Қазақстанда құрылыс жасау, қаржылық, компьютерлік, телекоммуникациялық, сәулет, инженерлік және өзге де техникалық қызметтер, ауыл шаруашылығы және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы қызметтер, сақтандыру, бизнес консультациялар және басқару қызметтері, персоналы жоқ жабдықтың операциялық лизингі (жалға алу) айтарлықтай үлес қосты (100 млн доллардан астам). Жеке сапарлар, қаржылық қызметтер, зияткерлік меншік, АТ-телеком және компьютерлік қызметтер, бизнес-консультациялар және басқару қызметтері, жарнама және нарық конъюнктурасын зерделеу саласындағы қызметтер, сәулет, инженерлік және өзге де техникалық қызметтер, аудиовизуал және соған байланысты қызметтер, персоналы жоқ жабдықтың операциялық лизингі (жалға алу) бойынша қызметтер импорты да жоғары үлеске ие. Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап онға жуық қызмет саласының экспорты өте төмен. Бұл салалардың әлеуеті ашылмаған және мемлекеттік қолдау мен жеке капиталды тартудың арнайы шараларын қажет етеді. ![]() Экспорттың дамуы елдегі сапа мен бағаға қалай әсер етеді? Елдер ішкі нарық толғаннан кейін артық өнімді экспорттайды. Бірақ жаһандану процесінде әлемдік сұраныс өте қарқынды өседі, әлемдегі бағалар да құбылмалы болады. Осыған байланысты, Қазақстаннан экспорттың өсуі ішкі бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін. Үкімет осындай ықтимал салдарлардан хабардар. Тиісінше, қауымдастықтармен және басқа өндірушілер бірлестіктерімен нақты келісімдер жасалады. Атап айтқанда, майлы дақылдарды өндірушілермен ішкі нарықты литр үшін 750 теңге бағамен өсімдік майымен қамтамасыз ету туралы келісім қолданылуы мүмкін. Азық-түлік корпорациясының тетігі жұмыс істейді. Ұқсас келісімдер басқа салаларда да қолданылады. Мысалы, «Теңізшевройл» БК 2025 жылы ішкі нарыққа 240 мың тонна СКГ жеткізуге міндеттелді. Мұнай өнімдері бойынша келісімдер бар. Осылайша аталған тетіктер Қазақстанда бағаның өсуін тежейді. Сапаға келетін болсақ, әлемдік нарықтардағы бәсекелестік қазақстандық өндірушілерден қуатты үнемі жаңғыртуды, персоналды оқытуды, тауардың қаптамасын жақсартуды талап етеді. Нарықтың барлық осы талаптары түпкілікті шикізаттық емес өнім сапасының өсуіне алып келеді. Таңбалау, өнімді тану жақсарады. Қосымша: ҚР төлем балансының деректері бойынша қызметтердің экспорты мен импорты ![]()
Қарау саны: 43 |
|
|