Салықтық сауат: тиімді салық жүйесінің шарты – салық төлеушінің жауапкершілігі
08.10.2025
![]() Іс жүзінде, салық салу – бұл әлеуметтік шарттың бір түрі. Мемлекет жиналған салықты экономиканы дамытуға, әлеуметтік бағдарламаларға, мектептерге, ауруханалар мен жолдарға жұмсауға уәде береді. Оның орнына азаматтар мен бизнес адал және уақтылы салық төлеуге міндетті болады. Егер тараптардың бірі тепе-теңдікті бұзатын болса, бүкіл жүйе зардап шегеді: «көлеңкелі салық» өседі, сенім азаяды, шиеленіс күшейеді. Сондықтан салық жүйесінің тиімділігі әкімшілендірудің сапасымен ғана емес, сонымен бірге қоғамның салықтық сауат деңгейімен де өлшенеді. Салықтық сауат дегеніміз не? Бұл – заңнан алынған жай анықтама ғана емес, іс жүзінде қолдануға болатын білім мен дағдылар жиынтығы. Салықтық сауат дегеніміз – салықтардың не үшін қажет екенін және олардың қоғамға маңызын түсіну, салық төлеушілердің өз құқығы мен міндетін білуі, бұзушылық жасаудан аулақ болу және заңды жеңілдіктерді пайдалану. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – салық мәдениетінің негізі. Салық төлеуді «ауыр міндеттен» қоғамның дамуына саналы үлес қосу құралына айналдыруға жәрдемдесетін негіз деп айтуға болады. Оның бизнес пен азаматтар үшін маңызы қандай? Бизнес үшін салықтық сауат – айыппұл салу қаупінің төмендеуі, қаржыны жоспарлауда ақпаратты біліп отыру және көп жағдайда білмегендіктен талап етілмей қалатын ынталандыру шараларын қолдана алу мүмкіндігі. Азаматтар үшін – төленген салықтар инфрақұрылым, медицина, білім беру және әлеуметтік кепілдік түрінде өздеріне қайтатынына сенім. Мемлекет үшін - бақылауға кететін шығындарды азайту және құқық бұзушылармен күресуге емес, дамуға көп көңіл бөлу мүмкіндігі. Салық саясатының жаңа акценті Бүгін Қазақстан салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшіп жатыр. Мемлекет бақылау жойылмайтынын, бірақ алдын-алу жұмыстары, сүйемелдеу және цифрлық қызметтер бірінші орынға шығатынын мәлімдейді. Бұл салық төлеушілерге қарай жасалған қадам.
Алайда,
шарт
екі
тарап өз міндеттемелерін орындаған
кезде ғана әрекет етеді.
Егер салық органдары көмек көрсету және
сүйемелдеу жауапкершілігін өз мойнына
алса, онда салық төлеушілер салық
міндеттемелерін адал және уақытында
орындауы тиіс.
Жалпы, қазіргі салық жүйесі бір жақты ойын емес. Ол екі жаққа да жұмыс істеген кезде ғана тиімді болады - мемлекет сервис пен ашықтықты қамтамасыз етеді, ал бизнес пен азаматтар саналы түрде, өздері түсініп салық төлейді. Салықтық сауатты арттыру - екінші кезектегі міндет емес, стратегиялық басымдық , онсыз тұрақты және сенімді салық жүйесін құру мүмкін емес. Эльмира Осипова Экономикалық зерттеулер институты Фискалдық саясат орталығы директорының орынбасары
Қарау саны: 25 |
|
|