Кеше Энергетикалық нарықты дамыту жөніндегі миссия өкілдері мен Экономикалық зерттеулер институты арасында іскерлік кездесу өтті.
Миссияны Азия даму банкінің (АДБ) энергетика жөніндегі жетекші маманы Дэвид Элзинга мырза бастап келді. Делегация құрамына АДБ-ның штаб-пәтері, Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі және KPMG, Arup және Juru Energy консорциумының сарапшыларынан құралған 15 өкіл кірді.
Институт тарапынан кездесуді Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов жүргізді. Сонымен қатар, кездесуге Институттың Климат өзгеруі орталығы өкілдері қатысты.
Тараптар тариф қалыптастыру, субсидиялау жүйесі, сондай-ақ елдің көмір генерациясынан таза энергия көздеріне көшуін жеделдету мәселелерін талқылады.
Ерекше назар модельдеу тәсілдеріне, энергетикалық ауысудың экономикалық салдарын бағалауға, сондай-ақ декарбонизация саясатын іске асырудың практикалық тетіктеріне аударылды. Бұл ретте әділетті және реттелген энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету қағидаттары басшылыққа алынды.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуы саласындағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

