Кооперативтік қозғалысты дамыту – инклюзивті және орнықты экономиканың тетігі

09.10.2025

2025 жылғы 8 қазанда Экономикалық зерттеулер институты Сараптама орталығының жетекші ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Азамат Нұрсейітов «Қазақстандағы кооперативтік қозғалысты дамыту: проблемалар мен перспективалар» атты дөңгелек үстелге қатысып, «Кооперативтік қозғалыстың жаһандық даму үрдістері: Қазақстан алатын сабақтар» тақырыбында баяндама жасады.

Сарапшы кооперативтерді дамытудың инклюзивті және орнықты экономиканы қалыптастырудағы маңызды бағыт екенін атап өтіп, бұл үлгі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің тиімді құралына айнала алатынын айтты.

Азамат Нұрсейітов Азия, Еуропа және АҚШ елдерінің тәжірибесіне шолу жасай отырып, кооперативтердің экономикалық тиімділікті әлеуметтік жауапкершілікпен ұштастырып, инновациялар мен цифрландыруды пайдалану арқылы түрлі салалардың дамуына серпін беретінін көрсетті.

  • Азиялық тәжірибе кооперация мен инновацияның өзара байланысын айқындайды: табыстың кілті – мемлекеттік қолдау мен өзін-өзі басқару үйлесімі.

  • Еуропалық модель кооперативтердің әлеуметтік-нарықтық экономиканың бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Негізгі сабақ – мемлекет жағдай жасайды, бірақ басқаруға араласпайды, ашықтық пен қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

  • Америкалық тәсілқаржылық тұрақтылық пен жергілікті бастамаларға сүйенеді. Бұл тәжірибе көрсеткендей, кооперативтер табысты болуы үшін сенім, жергілікті бастама және өзін-өзі қаржыландыру маңызды, ал мемлекет мұнда серіктес рөлін атқарады.

Азамат Нұрсейітов Қазақстанда заңнаманы жетілдірудің, кооперативтердің қаржы көздеріне қолжетімділігін кеңейтудің, цифрландыруды ілгерілетудің және кооперативтік білім беру жүйесін дамытудың қажеттігіне ерекше тоқталды.

Сарапшының пікірінше, кооперативтік қозғалысты дамыту – Қазақстан үшін ішкі экономикалық байланыстарды нығайтуға, жұмыспен қамтуды арттыруға және қоғамдағы сенімді күшейтуге мүмкіндік беретін маңызды бағыт.



Қарау саны: 33
Сақталған: 10.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!