
Кеше Экономикалық зерттеулер институтында (ERI) Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиын
барысында «Қазақстан
Республикасының ұзақмерзімді даму
болжамын әзірлеуге талдамалық сүйемелдеу»
атты есеп талқыланды.
Баяндаманы
Институттың Сауда
және инвестициялық саясатты дамыту
орталығының директоры Бауыржан Тұрлыбеков
таныстырды. Ол жүргізілген талдау
жұмысының нәтижесі бойынша дайындалған
негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды
таныстырды.
Талқылау
соңында Институттың
Ғылыми кеңес төрайымы Сара Алпысбаева
кеңес мүшелеріне белсенді қатысып,
конструктивті ұсыныстар білдіргені
үшін алғысын айтты. Сондай-ақ ол ұсынылған
талдамалық есептің елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ
мерзімді болжамдарын қалыптастырудағы
маңызын атап өтті.
Кеңес
қатысушылары жүргізілген талдаудың
сапасын жоғары бағалап, есепте ұсынылған
қорытындылар мен ұсынымдарды Қазақстан
Республикасының ұзақмерзімді даму
болжамын әзірлеу барысында пайдалану
жөнінде ұсыныс білдірді.
