Кеше Экономикалық зерттеулер институтында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институты «Экономика» мамандығының магистранттарына арналған көшпелі дәріс өтті. Сабақтың тақырыбы «Реттеушілік әсерді талдауды (РӘТ) қолдану тәжірибесі» болды.
Дәрісті
экономика ғылымдарының кандидаты, ИЭИ
Сараптама орталығы директорының
орынбасары Айгүл Асенова жүргізді.
Дәріс
барысында Айгүл Асенова тыңдаушыларды
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
саласында жүргізіліп жатқан реформалармен,
соның ішінде «таза парақтан»
реттеу
қағидатымен таныстырды. Сондай-ақ eGov
порталындағы
реттеу саясатының қолжетімді заманауи
құралдары – «Кәсіпкерлік
саласындағы міндетті талаптар тізілімі»,
«Өзін-өзі реттейтін ұйымдар
тізілімі»
және басқа да ресурстар көрсетілді.
Магистранттар
Қазақстанда РӘТ институтының қалыптасу
және даму кезеңдерімен, оның мемлекеттік
органдар тарапынан қолданылу тәжірибесімен,
сондай-ақ «Ашық НҚА» порталында
жарияланған реттеуші ықпал ету жобаларымен
танысты.
Дәріс
қатысушылары ұсынылған материалдардың
тәжірибелік маңызын және тақырыптың
болашақ мемлекеттік қызметшілердің
құзыреттерін қалыптастырудағы өзектілігін
атап өтті. Мұндай
іс-шаралар ғылыми қауымдастық пен
мемлекеттік басқару органдары арасындағы
өзара ынтымақтастықты нығайтуға,
сондай-ақ экономикалық талдау мен реттеу
саясаты саласындағы мамандарды сапалы
даярлауға ықпал етеді.
