Шымкент қаласы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 561,6 млрд теңгеден 741,0 млрд теңгеге дейін 32,0%-ке ұлғайды.
Шымкент
қаласы бюджетінің шығындар құрылымы
негізінен білім беру саласында
шоғырланған. 2022-2024 жылдары білім беру
шығындары барлық шығындардың орта
есеппен 39,9% құрады. Осы кезеңде олар
2022 жылғы 200,1 млрд теңгеден 2024 жылы 314,0
млрд теңгеге дейін 56,9%-ке ұлғайды. Білім
беру саласына басымдық беру осы салада
жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік
берді: 2024 жылдың қорытындысы бойынша
білім беру объектілерімен және
көрсетілетін қызметтерімен қамту
деңгейі 97,6% болды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі
балаларды балабақшамен қамту 96,3% жетті,
82,6% негізгі және орта мектеп физика,
химия, биология, робототехника
кабинеттерімен жабдықталған. Барлық
мектепте интернет жылдамдығы жоғары.
Білім
беру саласынан бөлек, шығындардың едәуір
үлесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
(барлық шығынның орта есеппен 18,1%-ы) және
көлік және коммуникация бағытына (барлық
шығынның орта есеппен 11,6%-ы) тиесілі.
2022-2024 жылдары тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық шығындары 100,0 млрд теңгеден
128,0 млрд теңгеге дейін 28,0%-ке, ал көлік
және коммуникация шығындары 59,6 млрд
теңгеден 92,6 млрд теңгеге дейін 55,2%-ке
өсті. Қаржыландыру қарқыны аталған
салаларды жақсартты – 2024 жылдың
қорытындысы бойынша инженерлік
инфрақұрылым объектілерімен және
көрсетілетін қызметтермен қамту деңгейі
– 76,6%, көлік саласында – 98,5%. Халықтың
сумен қамтамасыз етілуі – 99,5%, газбен
жабдықтау – 97%, орталық жылытумен қамту
– 100% жетті. Қалалардағы ағынды суларды
тазарту деңгейі – 70%, сапалы жолдардың
үлесі – 75% жетті.
Шығындардың
қалған бағыттары Шымкент қаласы
бюджетінің барлық шығындарының 6%-нен
аз.
Кейінгі
3 жылдағы шығындар динамикасын талдай
келе мына салалар айтарлықтай өскенін
байқаймыз:
өнеркәсіп,
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі – 5,6 есе: 2022 жылғы 1,0 млрд теңгеден
(барлық шығындардың 0,2%-і) 2024 жылы 5,8 млрд
теңгеге дейін (барлық шығындардың
0,8%-і);
қорғаныс
– 3,2 есе: 2022 жылғы 2,6 млрд теңгеден
(барлық шығындардың 0,5%-і) 2024 жылы 8,4 млрд
теңгеге дейін (барлық шығындардың
1,1%-і);
жалпы
сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 2,8
есе: 2022 жылғы 5,1 млрд теңгеден (барлық
шығындардың 0,9%-і) 2024 жылы 14,2 млрд теңгеге
дейін (барлық шығындардың 1,9%-і).
Шығындардың
мұндай динамикасы өнеркәсіптің және
сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметінің
дамуын қаржыландырудың, қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің,
сондай-ақ Шымкент қаласы мемлекеттік
аппаратының тиімділігінің маңызы
артқанын көрсетіп тұр.
