Экономика және заң: энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі
13.10.2025
Қазақстанда 2029 жылға қарай бірқатар нақты нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейтін Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласын дамытудың және энергия тиімділігін арттырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қолданылады. Өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 10% және энергетика секторының энергия сыйымдылығын 5% төмендету жоспарланып отыр. Ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда энергия тұтынуды 10% және жан басына шаққандағы энергия тұтынуды 5% төмендету бойынша мақсаттар қойылды.
Тұжырымдаманы іске асыру арқылы ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 10% төмендету, тозған электр және жылу желілерін 5% азайту, энергия өндіруші ұйымдардың тозығы жеткен негізгі және қосалқы жабдықтарын 5% қысқарту сынды нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр. Энергия үнемдеу саласына қосымша кемінде 20 млн АҚШ доллар инвестиция тарту және азаматтардың 50%-тен астамын қамти отырып, энергияны ұтымды пайдалану мәселелері бойынша халықтың хабардарлық деңгейін арттыру жоспарланған. 2023 жылы Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Аталған Стратегия 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылғы желтоқсанға қарай 15%, парниктік газдар шығарындыларын 25% шартты түрде қысқартуды көздейді. Бұл бағдарлар энергия тиімділігін жүйелі басқаруға ауысу қажетін көрсетеді, ұлттық климаттық және экономикалық мақсаттарға қол жеткізу құралы ретінде пайдаланады. Әрі қарай әлемдік тәжірибеде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы негізгі заңнамалық бастамаларды қарастырайық.
2023 жылдың қазан айында жаңартылған Энергия тиімділігі жөніндегі Директива (ЕО 2023/1791) күшіне енді, Директиваның негізгі мақсаты – 2030 жылға қарай ЕО-да түпкілікті энергия тұтынуды 11,7% төмендету. Мүше мемлекеттер ұлттық квоталар мен энергияны үнемдеу бағдарламаларын белгілей отырып, директиваны 2025 жылдың қазан айына дейін ауыстыруға міндетті.
2024
жылы ЕО елдерінен жаңа ғимараттар үшін
«нөлдік шығарындыларға» кезең-кезеңімен
ауысуды және қолданыстағы қорды жаппай
жаңартуды талап ететін ғимараттардың
энергия тиімділігін арттыру туралы ЕО
2024/1275 Директивасы қабылданды.
Шаралар «Fit for 55» топтамасының мақсаттарын
орындауға және өңірдің энергетикалық
тәуелсіздігін арттыруға бағытталған.
Анықтамалық: «Fit for 55» топтамасы – 2030 жылға қарай ЕО-да парниктік газдар шығарындыларын кемінде 55% қысқартуға бағытталған заңдар жиынтығы. Реформа «Energy Efficiency First» – жаңа қуаттарды салудан бұрын энергия тиімділігіне басымдық беру қағидатын енгізеді.
Германия 2023 жылдың соңында Энергия тиімділігі туралы Заң (EnEfG) күшіне енді, ол 2030 жылға қарай (2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда) соңғы қуат тұтынуды кемінде 26,5%-ке қысқарту міндеттемесін белгіледі, бұл энергия тұтынуды жылына 1867 ТВт/сағ дейін төмендетумен тең. Заңға сәйкес жылына 2,5 ГВт/сағ-тан астам энергия тұтынатын барлық кәсіпорын кем дегенде төрт жылда бір рет энергия аудитінен өтуге міндетті. Жылына сағатына 7,5 ГВт-тан жоғары энергия тұтынатын ірі тұтынушылар аудит жүргізіп қана қоймай, 2025 жылға дейін сертификатталған энергетикалық менеджмент жүйесін (ISO 50001 немесе Eco-Management and Audit Scheme) енгізуі керек. Аудит нәтижелері бойынша компаниялар 3 жыл ішінде энергия тиімділігі жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге міндетті. Талаптарды орындамау 100 000 еуроға дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Заңның қабылдануы Еуропалық энергия тиімділігі директивасын ауыстыру қажеттілігімен, сондай-ақ Германияның өнімділікті жоғалтпай экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге деген ұмтылысымен байланысты.
Жапония 2023 жылы Жапония 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және 2030 жылға қарай шығарындыларды 46%-ке азайту мақсатында энергия үнемдеу туралы заңнаманы жаңартты (2023 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енген Энергия пайдалануды оңтайландыру туралы Заңға түзетулер). Түзетулер энергияның барлық түрін, соның ішінде қазба отынын (көмір, мұнай, газ) ғана емес, жаңартылатын энергия, сутегі, аммиак және т.б. фоссилсіз энергия көздерін оңтайландыру ұғымын енгізді. Заңда түрлі салалар үшін энергия тиімділігін белгілі бір процентке жыл сайын арттыру талабы сақталады (талапты жыл сайын METI – Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі белгілейді).
Энергетика инфрақұрылымында 2025 жылдың соңына қарай кеңейтілген функциялары бар смарт-есептегіштердің екінші буынын енгізу жоспарланып отыр (нақты уақытта неғұрлым дұрыс есептеу, тұрмыстық аспаптармен екіжақты байланыс және т.б.). 2023 жылы Жапонияның барлық үй шаруашылығы смарт есептегіштердің бірінші буынымен жабдықталған және 10 миллионнан астам отбасы электр энергиясын тұтынуды бақылау үшін мобильді қолданбаларды пайдаланады.
Өзбекстан 2024 жылғы 7 тамызда Өзбекстанда «Энергия үнемдеу, оны ұтымды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру туралы» № LRU-940 Заң қабылданды. Заң алғаш рет энергияны ұтымды пайдалану қағидаттарын, энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергетикалық сараптама мен энергетикалық паспортты, есепке алу мен бақылауды, сондай-ақ Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілген субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бекіте отырып, энергия тиімділігі саласын жүйелі түрде реттейді. Заң энергосервистік компаниялар қызметінің аспектілерін және энергосервистік шарттың сипаттамаларын реттейді. Заңға сәйкес ірі кәсіпорындар энергия менеджменті жүйесін енгізуге, жауапты мамандарды тағайындауға және үнемі энергия аудитін жүргізуге міндетті. 2025 жылы Энергия тиімділігі жөніндегі ұлттық агенттікті құру туралы ережелер күшіне енеді, ол энергия аудиттерін жүргізуге және энергия тиімді жабдықтарды орнатуға субсидиялар береді. Заң энергия үнемдеу жобаларын қаржыландыру көзін – Салааралық энергия үнемдеу қорын анықтады. Сонымен қатар, Заңда мұнай өнімдерін, газды, электр және жылу энергиясын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Заң Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (Japan International cooperation Agency – JICA) мамандарының қолдауымен әзірленген және елдің экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге, желілердегі шығындарды азайтуға және бюджет шығыстарын қысқартуға ұмтылысын көрсетеді8. Құжатты қабылдау энергия тиімділігі талаптарын құрылысқа, өнеркәсіпке және мемлекеттік сатып алуға біріктіруге бағытталған. 1 https://eur-lex.europa.eu/eli/dir/2023/1791/oj/eng 2 https://eur-lex.europa.eu/eli/dir/2024/1275/oj/eng 3 https://www.ihk.de/gera/innovation-umwelt/energie/energie-aktuell/energieeffizienzgesetz-5938930 4 https://www.meti.go.jp/english/press/2023/0317_003.html 5 https://www.globenewswire.com/news-release/2024/10/16/2964242/0/en/Japan-Smart-Meter-Market-Poised-to-Reach-Valuation-of-US-2-333-17-Million-By-2032-Astute-Analytica.html 6 https://lex.uz/ru/docs/7052217 7 https://www.norma.uz/novoe_v_zakonodatelstve/kak_budut_regulirovatsya_voprosy_ekonomii_energii# 8 https://www.jica.go.jp/english/overseas/uzbekistan/information/press/2024/1551437_53537.html
Қарау саны: 115 |
|
|