ЭЗИ сарапшылары мемлекеттік жоспарлау саласындағы тәжірибесін бөлісті

14.10.2025

Экономикалық зерттеулер институтында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің магистранттарына арналған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі» тақырыбында көшпелі дәріс өтті.

Дәрісті ЭЗИ Стратегиялық талдау орталығы директорының орынбасары Наталья Новокшанова жүргізді.

Кездесу барысында тыңдаушылар Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, құрылымы, қағидаттары, жұмыс істеу тетіктері мен осы саладағы негізгі нормативтік-құқықтық актілермен танысты. Ерекше назар ұлттық индикаторларды мемлекеттік стратегиялық құжаттарға енгізу және бағдарламалық бастамалардың іске асырылуын мониторингілеу мәселелеріне аударылды.

Сонымен қатар қатысушыларға IMD (Швейцария) Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелері таныстырылды. Бұл деректер Қазақстанның халықаралық деңгейдегі орнын және елдің орнықты дамуы үшін тиімді стратегиялық жоспарлаудың маңызын көрсетті.

Талқылау қорытындысында магистранттар көтерілген тақырыптардың өзектілігін атап өтіп, білім, ғылым және өндіріс арасындағы өзара байланыс пен тәжірибе алмасуды күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.



Қарау саны: 39
Сақталған: 17.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!