ЭЗИ “Торайғыров университеті" өкілдерімен кездесу өткізді

17.10.2025

2025 жылғы 16 қазанда Экономикалық зерттеулер институтында (бұдан әрі – Институт) «Өндірісті платформалық экологияландыруды Қазақстан өңірлеріне масштабтау/тарату бағдарламасы. Ұлттық «жасыл» брендингті таныстыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті .

Дөңгелек үстелге «Торайғыров университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу ұжымының өкілдері – AP19676924 «Өңірдің өнеркәсіптік кешенінің технологиясын әзірлеу және экологиялық брендингін таныстыру» мемлекеттік бюджеттік жобасын зерттеу тобының мүшелері шақырылды (жобаның іске асырылу кезеңі 2023-2025 жж.).

«Торайғыров университеті» КЕАҚ атынан Л.М. Давиденко (ғылыми жобаның жетекшісі), А.А. Титков, Н. М. Шеримова және А. Н. Бейсембина қатысты.

Институт тарапынан іс-шараға Ғылыми кеңестің мүшелері ат салысты.

Институттың Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары С. Б. Ахметжанова іс-шараны бастап, сөз сөйледі.

Кездесу барысында тараптар өндірісті платформалық экологияландыруға, өндірісті экологияландырудың нормативтік-реттеуші негізіне, өндірісті Қазақстан өңірлеріне платформалық экологияландыруды масштабтауға/таратуға байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

Платформалық экологияландыру мақсаттарына және «жасыл» интеграцияның сәтті жағдайларына ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар талқылаудың маңыздылығын ескеріп, мүдделі тараптардың одан әрі өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.




Қарау саны: 55
Сақталған: 20.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!