ЭЗИ төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов алғашқы Ферғана бейбітшілік форумында сөз сөйледі
20.10.2025
![]() «Ферғана жазығы – жаңа экономикалық мүмкіндіктер кеңістігі» сессиясы аясында Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов баяндама жасады. Қайсар Нығметов Ферғана жазығының дамуы бүкіл Орталық Азия өңірінің экономикалық қарқыны мен әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететінін атап өтті. Ферғана жазығының ынтымақтастық әлеуеті жоғары. Бұл аймақты бөлісіп отырған үш ел – Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның экономиканы дамыту мүмкіндігі жоғары, бұл өндірістік және сауда кооперациясын тереңдетуге негіз болады.
Ферғана жазығының дамуы Орталық Азиядағы экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған неғұрлым ауқымды өңірлік бастамалармен тығыз байланысты. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығын, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында «Алатау» халықаралық көлік-логистикалық орталығын құру жөніндегі жобалар ерекше маңызға ие. Өңірлік өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі – елдердің экономикалық мүдделері, азық-түлік қауіпсіздігі мен өңірдің экожүйелерін сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, Ферғана жазығында және жалпы Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастықты нығайту. Қ.Нығметов сөзін түйіндей келе, Ферғана жазығының қарқынды дамуы өңірішілік байланысты нығайтып, экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Орталық Азияны өзара тығыз байланысқан, дербес аймаққа айналдыруға ықпал ететінін айтты.
Қарау саны: 110 |
|
|