Жамбыл облысының 2022-2024 жылғы бюджет шығындары

21.10.2025

Жамбыл облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 557,5 млрд теңгеден 727,9 млрд теңгеге дейін 30,6%-ке өсті.

Білім беру шығындарына барлық шығындардың жартысына жуығы тиесілі. Олар кейінгі 2 жылдағы барлық шығындардың орта есеппен 47,1%-на ие. Яғни 2022 жылғы 253,5 млрд теңгеден 2024 жылы 343,5 млрд теңгеге дейін 35,5%-ке өсті.

Бағыттар бойынша барлық шығыстардың орта есеппен 13,4% алып отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жұмсалатын шығындар 2022 жылғы 69,3 млрд теңгеден 2024 жылы 116,4 млрд теңгеге дейін 68,1%-ке ұлғайды.

Орта есеппен 7,6% көлемдегі ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары салаларының шығындар баптары 2022 жылғы 43,8 млрд теңгеден 2024 жылы 48,2 млрд теңгеге дейін 10,1%-ке ұлғайды.

Жамбыл облысының бюджет шығындарының құрылымында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындар орта есеппен 5,8% үлеске ие. Кейінгі 2 жылда олар 2022 жылғы 31,6 млрд теңгеден 2024 жылы 42,0 млрд теңгеге дейін 33,0%-ке ұлғайды.

Шығындардың қалған бағыттарының әрқайсысы Жамбыл облысының барлық шығындарының 5%-тен аз мөлшерін алып отыр.

Барлық бағыттардың ішінде отын-энергетика кешені мен жер қойнауын пайдалануға жұмсалған шығындар 2022 жылғы 6,2 млрд теңгеден (барлық шығындардың 1,1%) 2024 жылы 14,9 млрд теңгеге (барлық шығындардың 2,0%) дейін 2,4 есе өсті, бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және табиғи ресурстар ұтымды пайдалануға назардың артқанын көрсетеді.




Қарау саны: 38
Сақталған: 22.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!