ЭЗИ оқыту семинары: заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау

24.10.2025

Кеше Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары «Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау сапасын арттыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың 30-дан астам өкілі қатысты.

Семинардың мақсатызаң жобаларын дайындау сапасын арттыру және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау бойынша практикалық дағдыларды нығайту.

Қабылданатын заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау – іске асыру кезінде туындайтын, халық, бизнес және мемлекет үшін пайдасы мен шығыны бар кешенді талдау. Мұндай бағалау нәтижелері ұсынылатын реттеу шараларының қажеті туралы шешім қабылдауда қолданылады және тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үшін қалыпты реттеушілік ортаны қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Семинар барысында Сараптама орталығының директоры Карина Тен «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығымен бекітілген) сәйкес заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сараптама орталығы директорының орынбасары Айдана Байқанова қатысушыларға қабылданатын Қазақстан Республикасы заң жобалары әрекетінің Әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау паспортының құрылымын таныстырып, оның әр бөлімін толтыру тәртібіне нақты тоқталып кетті.

Өткізілген практикалық сессия шеңберінде қатысушылар көрсетілген мысалдар негізінде Әлеуметтік-экономикалық салдарды бағалау паспортының бөлімдерін толтырды.

Семинар қатысушыларға заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау әдістемесімен және тиімді тәсілдерімен танысуға мүмкіндік беріп, осы салада қабылданып жатқан шешімдердің сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құзыретін нығайтуға жәрдемдесті.



Қарау саны: 37
Сақталған: 26.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!