Экономика және заң: балама энергия көздерін дамыту

24.10.2025

Балама энергия көздері үлесінің төмендігі Қазақстан энергетикасының тұрақты дамуындағы негізгі сын-қатер. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілген электр энергиясының үлесі өндірістің жалпы көлемінің 6,4%-не ие. Елдің энергетикалық балансы әлі де көмірсутек отынына тәуелді, бұл CO₂ шығарындыларының жоғарылауына әкеледі (жылына шамамен 320 миллион тонна) және «таза» энергияға жедел көшуді қажет етеді.

Осыған байланысты, энергия жинақтау жүйелерін енгізу, энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру үшін құқықтық негіздерді қалыптастыратын балама энергетиканы дамытуға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды реттеуге бағытталған Заң жобасы әзірленді 1.

Заң жобасы балама энергетиканың барлық бағыттарының – жаңартылатын, сутегі, геотермалдық және жинақтаушы жүйелерді – дамуын қамтитын бірыңғай құқықтық тетік құруды көздейді.

Балама энергетиканы дамыту ЖЭК үлесін 2029 жылға қарай 12,5%-ке дейін, 2030 жылға қарай 15%-ке дейін және 2050 жылға қарай 50%-ке дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шаралар қабылдау инвестицияларды тарту, энергия балансын әртараптандыру және Қазақстанның «таза» энергияға бағдарланған икемді, бәсекеге қабілетті және инновациялық энергетикалық жүйесін қалыптастыру үшін жағдай жасай алады. Бұдан әрі әлемдік тәжірибеде балама энергетиканы дамыту саласындағы негізгі заңнамалық бастамалар қарастырылады.



Германия

Германия «таза» энергетикаға көшуге және көмір мен атом генерациясынан біртіндеп бас тартуға бағытталған Energiewende ауқымды стратегиясын жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік қолдау жел және күн электр станцияларын дамытуға, желілік инфрақұрылымды жаңғыртуға және энергияны сақтау жүйелерін енгізуге бағытталған.

2023 жылдан бастап Германияда энергия жинақтағыштар мен жүктемені цифрлық басқаруды біріктіретін жобалардың басымдығын көздейтін ЖЭК-ті қолдаудың аукциондық тетіктері әрекет етеді. Федералды экономика және климатты қорғау министрлігінің (BMWK) мәліметтері бойынша, электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2024 жылы 55%-тен асып, 2030 жылға қарай 80%-ке қол жеткізу жоспарланған.


Дания

Дания – жаңартылатын энергия көздерін энергия жүйесіне интеграциялау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Ұлттық электр энергиясын өндірудің 60%-тен астамын жел электр станциялары, соның ішінде теңіз электр станциялары қамтамасыз етеді. 2024 жылы Дания ЕО-да жетекші орынға ие болды: оның электр энергиясын өндірудің 88,4%-і (net electricity generation) жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі болды2.

Елде биоотын мен төмен әлеуетті жылуды пайдаланатын жергілікті жылу электр орталықтары маңызды рөл атқаратын орталықтандырылмаған энергиямен жабдықтау жүйесі жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап сутегі технологияларын дамытуды және «жасыл» аммиак өндіруді көздейтін Power-to-X бағдарламасы іске асырылады. Бұл шаралар Данияға көмірсутектер импортына тәуелділікті азайтуға және «таза» технологиялардың экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік берді.



Жапония

Жапония өзінің энергетикалық трансформациясының негізгі бағыттары ретінде сутегі энергетикасы мен энергияны сақтаудың инновациялық технологияларын дамытуға назар аударады. «Сутегі қоғамының стратегиясына» (Hydrogen Basic Strategy) сәйкес ел 2035 жылға қарай сутекті өндіру, тасымалдау және пайдалану үшін тұрақты инфрақұрылым құруды жоспарлап отыр3.

Тұрақты энергетикалық саясат институтының бағалауы бойынша 2024 жылы электр энергиясының жалпы өндірісіндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (жеке тұтынуын ескере отырып) шамамен 26,7%, ал 2023 жылы 22,9% жетті. Жапонияның 2030 жылға қарай мақсаты – жалпы энергия өндіруде ЖЭК үлесін 36-38%-ке дейін арттыру.

2024 жылы электр энергиясын сақтау желілерін, интеллектуалды энергия жүйелерін (smart grids) құру және үйдегі энергия жинақтағыштарды орнату жөніндегі жобаларды субсидиялауды көздейтін «Көміртексіздендіру жөніндегі өтпелі жоспар» бекітілді. Бұл шаралар энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, CO₂ шығарындыларын азайтуға және елдің технологиялық көшбасшылығын арттыруға бағытталған.



1 https://www.cleanenergywire.org/news/germanys-electricity-mix-2024-cleanest-ever-researchershttps://www.europarl.europa.eu/doceo/document/E-9-2023-001492_EN.html - :~:text=In%20an%20effort%20to%20mitigate,the%20effectiveness%20of%20public%20policies




Қарау саны: 33
Сақталған: 26.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!