Жетісу облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) кейінгі 2 жылда 2022 жылғы 333,9 млрд теңгеден 2024 жылы 529,9 млрд теңгеге дейін 58,7%-ке өсті.
Жетісу
облысы бюджет шығындарының жоғары үлесі
білім беру саласында тіркелген –
2022-2024 жылдары барлық шығындардың орта
есеппен 41,8%. Білім беру шығындары 2022
жылғы 161,7 млрд теңгеден 2024 жылы 204,0 млрд
теңгеге дейін 26,1%-ке ұлғайды. Бұл салаға
инвестициялар өңірде білім берудің
қолжетімділігінің жоғары көрсеткіштеріне
қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2024 жылы
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды
мектепке дейінгі біліммен қамту 99,5%-ке,
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту
97,3%-ке жетті. Облыстың барлық 315 мемлекеттік
білім беру ұйымы компьютерлік техникамен
100% жабдықталған. Барлық мемлекеттік
мектептер, 91 балабақша және 21 колледж
бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз
етіліп, оқушылардың қауіпсіздігін толық
қамтамасыз етеді.
Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық шығындары
Жетісу облысы бюджетінің орташа басым
үлесіне ие: оларға 2022-2024 жылғы барлық
шығындардың орта есеппен 11,7%-і тиесілі.
Бұл шығындардың 2022 жылғы 42,4 млрд теңгеден
2024 жылы 59,3 млрд теңгеге дейін 39,7%-ке өсуі
байқалады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша
ауылдағы халықтың сумен жабдықтау
қызметтеріне қолжетімділігі 99,5%-ке,
қалада 100%-ке, газдандыру деңгейі 56,5%-ке
жетті. Сумен жабдықтау желілерінің
тозуы 33%, жылу желілерінің орташа тозуы
47%, бұл осы саланы қаржыландыруды
жалғастыру және ұлғайту қажеттігін
көрсетеді.
Шығындардың
басқа бағыттары облыс бюджетінің барлық
шығындарының орта есеппен 8%-нен аз.
Кейінгі
2 жылда шығыстардың ең көп өсуі келесі
бағыттар бойынша байқалады, бұл олардың
Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық
дамуы үшін маңыздылығының артқанын
көрсетеді:
ауыл,
су, орман, балық шаруашылығы, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған
ортаны және жануарлар дүниесін қорғау,
жер қатынастары – 9,4 есе: 2022 жылғы 4,4
млрд теңгеден (барлық шығындардың 1,3%)
2024 жылы 41,2 млрд теңгеге дейін (барлық
шығындардың 7,8%);
қорғаныс
– 4,8 есе: 2022 жылы 857,2 млн теңгеден (барлық
шығындардың 0,3%) 2024 жылы 4,1 млрд теңгеге
дейін (барлық шығындардың 0,8%);
отын-энергетика
кешені және жер қойнауын пайдалану –
3,3 есе: 2022 жылғы 11,1 млрд теңгеден (барлық
шығындардың 3,3%) 2024 жылы 36,1 млрд теңгеге
дейін (барлық шығындардың 6,8%).