Қазақстанның көлік жүйесі: экономикалық байланыс пен өсу драйвері

24.10.2025

Қазақстан Еуразия құрлығының орталығында орналасқан және әлемдегі ең ірі аумақтардың біріне ие. Өндірістік орталықтардың географиялық ауқымы мен таралуы көлік кешеніне экономикалық интеграция мен сыртқы байланыстың негізгі элементі ретінде стратегиялық мән береді. Теміржол, автомобиль, құбыр, әуе және ішкі су көлігі елді Еуропа мен Азияның негізгі нарықтарымен байланыстыра отырып, экспорттық, импорттық және транзиттік ағындардың қозғалысын қамтамасыз етеді.

Өндірістік көрсеткіштер

2024 жылдың қорытындысы бойынша "Көлік және қоймаға сақтау" саласының жалпы шығарылымы 7,7 трлн теңге, нақты көлем индексі - 109,4 %, бұл 2023 жылғы деңгейден 5,7 п.т. жоғары. Көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудың жалпы көлемі 1,09 млрд тоннаға жетті, оның 0,43 млрд тоннасы темір жол көлігімен, 0,34 млрд тоннасы автомобиль көлігімен және 0,3 құбыр жолымен тасымалданды. Кейінгі бес жылда саланың орташа жылдық өсу қарқыны (CAGR) шамамен 6%-ке жетті.


Теміржол көлігі

Теміржол көлігі елдің жалпы жүк айналымының 64%-ін қамтамасыз ете отырып, жүк тасымалының негізгі элементі болады. 2024 жылы 438,7 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5% -ке артық. Жүк айналымы 2020 жылдан 25 млрд т-км-ден артық өсіп, 332,1 млрд т-км-ге жетті. Өсім тасымалданатын жүктердің ауқымы мен массасының өсуін көрсетеді.

2025 жылғы қаңтар–қыркүйекте теміржол көлігімен 339,4 млн тонна тасымалданды (2024 жылғы ұқсас кезеңге +10,5%), жүк айналымы - 255 млрд т-км (+7,6%). Бұл ретте жолаушылар тасымалы 6,7%-ке төмендеп, жолаушылардың біртіндеп автокөлік пен әуе көлігіне ауысуын көрсетеді.


Автомобиль көлігі

Автокөлікпен тасымалдау қысқа және орташа логистикалық байланыстардың негізін құрап, шектеулі жеткізу диапазонында тоннаж бойынша жүк ағындарының едәуір көлемін қамтамасыз етеді. 2024 жылы автомобиль көлігімен 347,1 млн тонна жүк тасымалданды, ал жүк айналымы 36,7 млрд т-км жетті, бұл 2023 жылғы деңгейден 22% -ке жоғары. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша одан әрі ұлғаю тіркелді – тасымалдау көлемі 1,4%-ке, ал автомобиль көлігінің жүк айналымы 32,3%-ке өсті. Даму қарқыны ішкі тасымалдау нарығының біртіндеп кеңеюін, өңдеуші өнеркәсіп белсенділігінің өсуін және өңіраралық логистикадағы автомобиль көлігі рөлінің күшеюін көрсетеді.

Әуе көлігі

Әуе көлігі негізінен жолаушылар тасымалына бағытталған. 2024 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 14,4 млн жолаушыны тасымалдады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,6%-ке жоғары. Әуежайлар 29,7 миллион жолаушыға қызмет көрсетіп, 14% -ке өсті. Кейінгі бес жылда әуе саласына тасымалдау көлемі екі есе өсті.

2025 жылғы қаңтар–қыркүйектегі деректер бойынша 11,9 млн жолаушы тасымалданды (+6,9 %), жолаушылар айналымы 23,3 млрд п-км (+7,8%) жетті.


Құбыр көлігі

Құбыржол көлігі тұрақты қарқынды сақтайды: 2025 жылғы қаңтар–қыркүйекте 255 млн тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы ұқсас кезеңге+15,9%), жүк айналымы - 130,9 млрд т-км (+16,9%).


Инвестициялар және жұмыспен қамту

Көлік саласына инвестициялар көлемі - 2024 жылы 3,6 трлн теңге немесе экономикаға инвестициялардың жалпы көлемінің 18,8%. 2020 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсу байқалады. Салада 670 мың адам жұмыспен қамтылды (экономикада жұмыспен қамтылғандардың 7,3%), бұл 2020 жылмен салыстырғанда 52,6 мыңға артық; негізгі өсім 2022 жылы орын алды.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте 679 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңдегі 7 мың адамға артық. Осы кезеңдегі инвестициялар көлемі - 2,4 трлн теңге, 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 14%-ке жоғары.


Бауыржан Қален

Экономикалық зерттеулер институты Ғылыми-зерттеу аппаратының кеңесшісі



Қарау саны: 40
Сақталған: 26.10.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!