Қазақстандағы «Жасыл өсу»

23.09.2020

"Орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімі мейлінше «жасыл экономика» жағдайында ілгерілеуге тиіс. Сондықтан қазірдің өзінде көміртегінің үлесін барынша азайтуға бағыт ұстаған жөн. Үкіметке ғылыми қауыммен жəне жеке сектормен бірлесіп, «жасыл өсім» жөніндегі ұсыныстар жиынтығын əзірлеуді тапсырамын".

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан, 2020 жылғы 1 қыркүйек


2020 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11.00-де «Қазақстандағы«жасыл өсу»: экономиканы экологияландыру» Орнықты даму мақсаттары бойынша онлайн-конференция өтеді.

Іс-шара Қазақстанның «жасыл» экономикасы мен экологиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекованы еске алуға арналған.


«Еліміздің табиғи капиталы орасан зор: біз – жайылымдық алқаптар көлемі бойынша әлемде бесінші, агрохимикаттармен және ГТА-дақылдармен ластанбаған жерлер көлемі бойынша үшінші орындамыз... Жасыл экономика және биоалуантүрлілік экономикасы: «Табиғат бюджет, жұмыспен қамту және денсаулық үшін не бере алады?» деген сұрақ қояды.Әлемде азық-түлік, тыңайтқыштар мен жем, биоотын, құрылыс материалдары, жиһаз және т. б. қоса алғанда, экологиялық таза өнімдерге үлкен сұраныс бар. Бұл тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді».

Салтанат Темірқұлқызының соңғы сұхбаттарының бірінде айтқан сөздері алдағы конференцияның мәнін дәл көрсетеді.

Туған жердің көркеюі, адамдардың денсаулығы, жалпы экономикалық өсу – «жасыл» экономиканың басты бағдары.

Көмірқышқыл газы тастанымдарының қарқындылығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан төртінші орында тұр. Конференцияда «Жер» бағытының өзекті мәселелері талқыланады. Бұл климаттың және қоршаған ортаның өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері, оларды шешу үшін ауқымды институционалдық және технологиялық өзгерістер жүргізу талап етіледі.
Өзекті мәселелердің қатарында Қазақстанның жаңа экологиялық кодексі, жұмыс орындарын экологияландыру және тұрақты өсу; орнықты шешімдерге инвестиция салу, қолдаудың қосымша заңнамалық шараларын әзірлеу жолымен ЖЭК секторын дамытуды ынталандыру, барлық климаттық тәуекелдермен күрестегі халықаралық ынтымақтастық бар.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ осы саланың өкілдерін пікірталас алаңын және кейіннен сарапшылар қауымдастығын, атап айтқанда жастар көшбасшылары арасында құру үшін шақырды.

Іс-шара онлайн-семинар форматында өтеді және аудиторияға ғалымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік сектор басшыларының, халықаралық мамандардың, экономистер мен экологтардың, жастар бірлестіктері көшбасшыларының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді.

Экономиканы экологияландыру-талқыланатын басты тақырып, оның аясында келесі бағыттар бойынша идеялар мен бастамалар талқыланады:

- Бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты институттар – азаматтық қоғамды тарту;
- Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясы;
- Қазақстанның Орнықты даму мақсаттары үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жасыл өсу индикаторлары.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰ ОДМ бойынша Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы болып табылады. Институт басшылығы мен сарапшылары Қазақстан Республикасында Мақсаттарды іске асырудың бірыңғай саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қарауға және әзірлеуге бағытталған.

Конференцияға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, АХҚО жасыл қаржыны дамыту орталығы, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл академия» Ғылыми-білім беру орталығы, «Expo&Women», сондай-ақ бірқатар ҮЕҰ және тәуелсіз спикерлер қатысады.

Тікелей көрсетілім Экономикалық зерттеулер институтының YouTube-арнасында өтеді.


Қарау саны: 6345
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!