23-24 қазанда Минск қаласында Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және мемлекеттік реттеу мәселелері» атты XXVI Халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция
дәстүрлі түрде танымал ғалым-экономистердің,
практиктердің, іскерлік топтар мен
қоғамдық ұйымдар өкілдерінің басын
қосатын халықаралық
деңгейдегі жетекші экономикалық форум
ретінде қарастырылады. Бұл заманауи
экономикалық үрдістерді терең талдауға,
озық тәжірибемен алмасуға және
стратегиялық дамудың өзекті мәселелерін
талқылауға арналған беделді алаң.
Күн
тәртібінде мемлекеттік
реттеудің тиімділігін арттыруға
және орнықты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін қолайлы
іскерлік ортаны
қалыптастыру құралдарын жетілдіруге
ерекше назар аударылды.
Халықаралық
конференцияға Экономикалық зерттеулер
институтының Сараптама орталығы
директорының орынбасары, экономика
ғылымдарының кандидаты Айгүл Асенова
қатысты.
Конференция
аясында ол келесі тақырыптар бойынша
баяндама жасады:
«Қазақстанның
қолайлы іскерлік ортаны құру тәжірибесі:
тиімді құралдар және институционалдық
даму шаралары»
«Реттеушілік
әсерді талдаудың институционалдық
дизайны және құралды норма шығару
процесіне тәжірибелік енгізу бойынша
Қазақстанның тәжірибесі»
Айгүл
Ербатырқызы өз баяндамасында сыртқы
және ішкі сын-тегеуріндерге қарамастан,
Қазақстан Үкіметі
кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саясатын
дәйекті түрде ілгерілетіп
келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте
Экономикалық зерттеулер
институты құрылымдық
реформаларды, оның ішінде Ұлттық
экономика министрлігімен бірлесіп
жүргізу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуде
белсенді рөл атқарады.
Қолайлы
іскерлік ортаны құру және кәсіпкерлік
бастаманы ынталандыру
бойынша жасалып жатқан шаралардың
маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік
реттеу саласындағы соңғы жылдардағы
реформалар бизнесті реттеудің заманауи,
неғұрлым икемді және ашық тәсілдерін
дамытуға бағытталған.
Баяндамада
«жаңадан реттеу»
реформасының нәтижелеріне және заңнамалық
процеске реттеушілік
әсерді талдау (РӘТ) тетігін
енгізуге назар аударылды. Қазақстанның
тәжірибесі нормативтік актілердің
бизнеске, мемлекетке және халыққа әсерін
бағалау мемлекеттік
шешімдердің сапасын арттыруға
және реттеушілік шығындарды азайтуға
мүмкіндік беретінін көрсетті.
Баяндама
соңында Асенова Айгүл
реттеушілік саясат артық
әкімшілік кедергілер тудырмай,
кәсіпкерліктің дамуына ықпал етіп,
мемлекет, бизнес және
азаматтар мүдделерінің оңтайлы теңгерімін
қалыптастыруға тиіс екенін атап өтті.

