Экономика және заң: инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі
29.10.2025
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инклюзивті саясатты дамыту шаралары іске асырылып жатыр. Осы шаралар шеңберінде білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және әмбебап дизайнды қолдана отырып, инклюзивті білім беру ортасын құру жоспарланған.
Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту үшін кезең-кезеңмен жағдай жасау көзделеді. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті ортамен қамтылуын 80%-ке, мектептерде 95%-ке және ТжКБ ұйымдарында 90%-ке , ал 2026 жылдан бастап 100%-ке жеткізу жоспарланып отыр. 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы қолжетімді инфрақұрылым мен инклюзивті білім беру ортасын құруды көздей отырып, мүгедектікке медициналық тұрғыдан әлеуметтік көзқарасқа қарай көшуге бағытталған. 2025 жылы инклюзивті оқыту шарттары мектептердің 85%-де және мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-де қамтамасыз етілген. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар инклюзивті білім беруді және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдауды жүйелі дамытуға бағытталған. Бұдан әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін талдайық.
Еуропалық
одақта инклюзивті білім беру теңдік,
кемсітпеу және барлығына сапалы оқытуды
қамтамасыз ету сияқты негізгі
құндылықтардың бір бөлігі. Негізгі құжаттар:
Негізгі басымдықтар: білімге тең қол жеткізу, жеке қолдау, инклюзия саласында педагогтерді даярлау және нәтижелерге жүйелі мониторинг жүргізу.
2024 жылы инклюзивті тәжірибелердің ең үздік мысалдары жиналған «Compendium of Inspiring Practices on Inclusive and Citizenship Education» жинағы жарық көрді5. ЕО тәжірибесі елдер арасындағы заңнамалық кепілдіктер мен ынтымақтастықтың үйлесімі шын мәнінде қолжетімді және әділ білім беру ортасын құруға ықпал ететінін көрсетеді.
АҚШ-та
1975 жылы қабылданған мүмкіндігі шектеулі
адамдардың жаппай білім алуы туралы
Федералды заң (IDEA) әрекет етеді. Бұл
мүгедектігі бар балаларға тегін және
олардың қажеттіліктеріне бейімделген
білім беруге кепілдік береді. Арнайы
командалар мен орталықтар (Child Study Teams,
Special Education Evaluation Centers) баланың қажеттіліктерін
кешенді диагностикалауды жүргізеді,
оның негізінде мақсаттарды, әдістерді,
бейімделулерді және қажетті ресурстарды
көрсете отырып, жеке оқыту бағдарламасы
(IEP) әзірленеді. Ата-аналар IEP құруға және
енгізуге қатысады. Мектептер ілеспе
қызметтерді ұсынады (логопедия,
физиотерапия, кеңес беру), ал пәнаралық
топтар прогресті бағалап, бағдарламаны
түзетіп отырады. IDEA жүйесі білім беруді,
денсаулық сақтауды және әлеуметтік
қорғауды біріктіріп, баланы жан-жақты
сүйемелденуін қамтамасыз етеді. H. R.3852 – Reimagining Inclusive Arts Education Act 6(Инклюзивті өнер білімін қайта қарау туралы заң) заң жобасы мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өнер саласындағы білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтуге, бейімделген материалдар мен инклюзивті оқыту әдістерін енгізуге бағытталған. H. R. 3850 – Protecting Students with Disabilities Act 7(Мүмкіндігі шектеулі студенттерді қорғау туралы заң) заң жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаппай білім алуы туралы Заңның (IDEA) орындалуына бақылауды күшейтеді және арнайы білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етеді.
Огайо
штатының Senate Bill 1 заң жобасы (20258)
мемлекеттік университеттерде DEI
(әртүрлілік, теңдік, инклюзия)
бағдарламаларын пайдалануды, сондай-ақ
мүмкіндігі шектеулі студенттерді
қолдауға ықтимал әсерді шектейді.
Айованың Senate File 418 заң жобасы 9бастауыш және орта мектептерде жыныс және гендер теориясын оқытуды шектейді, сонымен қатар білім берудегі гендерлік сәйкестілік бойынша кемсітушіліктен қорғауды жояды, білім беру ортасының инклюзивтілігіне жанама әсер етеді. АҚШ Білім министрлігі қол жетімділікті жақсартуға, білім беру модельдерін таңдауға және мүгедектігі бар студенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламаларын реформалауға бастамашы болды. Реформа инновациялық білім беру модельдерінің енгізілуін және білім беру мекемелерін таңдау мүмкіндіктерінің ұлғаюын қамтиды. Саяси қиындықтарға қарамастан, АҚШ-тағы инклюзивті білім беруді жақсарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Алайда, тұрақты өзгерістерге қол жеткізу үшін федералды және штат деңгейдегі бірлескен шаралар, сондай-ақ білім беру мекемелері мен қоғамдастықтың қолдауы қажет.
Ұлыбританияда
2025 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері
мен мүгедектігі бар балалар мен жастарға
білім беру сапасын жақсартуға бағытталған
инклюзивті білім беру саясаты (SEND) жүзеге
асырылып жатыр. Негізгі бастамалар -
инфрақұрылымға қомақты инвестициялар,
қызметкерлерді оқыту, заңнаманы
реформалау және мектептерде инклюзивті
тәжірибені дамыту. Негізгі заңнамалық бастамалар мен реформалар:
Инклюзивті білім беру практикасы:
Реформалардың маңызды бөлігі - ата-аналарды, педагогтар мен сарапшыларды инклюзивті білім беру саясатын әзірлеу және енгізу процесіне белсенді тарту. Білім министрлігіне SEND бар балаларға білім беру нәтижелерін жақсарту бойынша кеңес беретін SEND инклюзивті оқыту тобы сияқты сараптамалық топтар құрылды.
Қарау саны: 84 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|