Батыс Қазақстан облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) кейінгі 2 жылда 2022 жылғы 340,2 млрд теңгеден 2024 жылы 559,1 млрд теңгеге дейін 64,3%-ке өсті.
Бұл
өңірдің шығындары негізінен білім беру
саласына шоғырланған. Оған Батыс
Қазақстан облысы бюджетінің 2022-2024 жылғы
барлық шығындарының орта есеппен 41,6%-і
тиесілі. Білім беру шығындары 2022 жылғы
146,0 млрд теңгеден 2024 жылы 214,0 млрд теңгеге
дейін 1,5 есе ұлғайды.
2022-2024
жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
саласының шығындар үлесі жалпы шығындар
көлемінде орта есеппен 11,2%-ке ие. Талданып
отырған кезеңде тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық шығындары 2022 жылғы 34,9 млрд
теңгеден 2024 жылы 72,5 млрд теңгеге дейін
2 есе ұлғайды.
Қалған
бағыттардың шығындары барлық шығындардың
оннан бір бөлігінен аз.
Батыс
Қазақстан облысының 2022-2024 жылғы бюджет
шығындарының даму қарқыны бірқатар
бағыттар бойынша қаржыландырудың
айтарлықтай ұлғаюы байқалды, бұл бюджет
саясаты назарының энергетикалық
тәуелсіздікті нығайту, өнеркәсіп пен
құрылыс секторын дамыту, сондай-ақ
өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жағына ауысуын көрсетеді:
отын-энергетика
кешені және жер қойнауын пайдалану –
14,1 есе: 2022 жылғы 406,4 млн теңгеден (барлық
шығындардың 0,1%) 2024 жылы 5,7 млрд теңгеге
дейін (барлық шығындардың 1,0%);
өнеркәсіп,
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі – 6,1 есе: 2022 жылғы 1,4 млрд теңгеден
(барлық шығындардың 0,4%) 2024 жылы 8,3 млрд
теңгеге дейін (барлық шығындардың
1,5%);
қорғаныс
– 3,6 есе: 2022 жылғы 1,1 млрд теңгеден
(барлық шығындардың 0,3%) 2024 жылы 4,0 млрд
теңгеге дейін (барлық шығындардың
0,7%).