ЕҰУ: БҰҰ-ның халықаралық құқыққа және тұрақты дамуға үлесі

31.10.2025

2025 жылғы 20-24 қазан аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің студенттеріне арналған «Халықаралық құқық теориясының, практикасының және оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық мектеп өтті. Мектеп жұмысы шеңберінде 24 қазанда үшінші курс студенттері үшін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Нұртуған Оралбаев дәріс оқыды.

Дәріскер ұлттық тұрақты даму саясатында құқықтық нормалардың іс жүзінде қолданылуына назар аудара отырып, Тұрақты даму мақсаттарын таныстыруда және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. Дәріс студенттердің білімін арттырып, заманауи жаһандық процестерді әлдеқайда терең түсінуге мүмкіндік берді.

2025 жылғы 31 қазанда іс-шаралар сериясының жалғасы ретінде пленарлық форматта «БҰҰ-ға 80 жыл: халықаралық құқық үстемдігіне және тұрақты дамуға үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтті.

Іс-шара жетекші халықаралық ғалымдардың, БҰҰ жүйесі, мемлекеттік органдар өкілдерінің, студенттер мен жас зерттеушілердің басын қосты. Конференцияның құрметті қатысушыларының арасында – БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, профессорлар, заң ғылымдарының докторлары Ербол Абайделдінов пен Марат Сәрсембаев, сондай-ақ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар.

Конференцияның негізгі тақырыбы – жаһандық ауқымда тұрақты даму қағидаттарын таныстыруға және заң үстемдігіне халықаралық құқық пен БҰҰ институттарының қосқан үлесін талқылау.

Пленарлық отырыс аясында Бақытгүл Хамбар Қазақстанда ТДМ-ды енгізудің және жергілікті деңгейде іске асырудың ұлттық тәсілдері туралы мазмұнды баяндама.

Өз баяндамасында ол Қазақстанның Премьер-Министр Орынбасарының төрағалығымен Үйлестіру кеңесінен бастап Ведомствоаралық және өңірлік жұмыс топтарына дейін тұрақты институционалдық экожүйені құра отырып, ТДМ-ды жүйелік енгізу бойынша өңірдің жетекші елдерінің біріне айналғанын атап өтті. Бақытгүл Хамбар ТДМ-ды ұлттық және өңірлік даму стратегияларына енгізу, сондай-ақ индикаторлардың мониторингісін цифрландыру елдің әрі қарай дамуы үшін берік негіз құрайтынын да айтты.

Конференция барысында ғылыми баяндамалар таныстырылды, ТДМ-ға қол жеткізу туралы қысқаметражды фильмдер байқауының жеңімпазы болған фильмдер көрсетілді және мектептерде өткен халықаралық құқық тақырыбында эссе мен пікірталас байқауларының жәңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.



Қарау саны: 25
Сақталған: 03.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!