2025 жылғы қазан айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

03.11.2025

Қазан айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 12,6%. Азық-түлік тауарлары жыл ішінде 13,5%-ке ұлғайып негізгі өсім көрсетті.

2025 жылдың қазан айында елдегі инфляция:

- өткен жылдың қазан айына қатысты 12,6% (өткен айда 12,9%);

- осы жылдың қыркүйегіне қатысты 0,5% (өткен айда 1,1%).

Жылдық мәнде:

- азық-түлік тауарларына бағалар 13,5%-ке (1,0%) өсті;

- азық-түлік емес тауарларға бағалар 11,0%-ке (1,2%) өсті;

- ақылы қызметтерге бағалар 12,9%-ке (-0,8%) қымбаттады.


Инфляция қарқынына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары қосады – 42,9% (яғни, жалпы инфляцияның 12,6%-нен 5,41%-і азық-түлік тауарларына тиесілі). 2024 жылдың қазан айында азық-түлік тауарларының үлесі жалпы инфляцияның 24,2%-не ие болды. Бұрын инфляцияға ақылы қызметтер үлкен үлес қосқан (2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың маусымына дейін).

Ақылы қызметтердің үлесі – 30,8%. 2024 жылғы қазанмен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі 47,4%-тен 30,8%-ке дейін 16,6 п.т-ға азайды. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда ақылы қызметтердің үлесі 3,8 п. т. азайды.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы қазандағы 27,3%-тен 2025 жылғы қазанда 25,9%-ке дейін төмендеді.

ж/ж – өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ағымдағы айда бағаның өзгеруі – жылдық инфляция.

Азық түлік тауарларының арасында ең көп қымбаттау келесі тауарлар бойынша байқалады:

  • ет және ет өнімдері – 21,1%
  • майлар мен тоң майлар – 18,4%
  • алкогольсіз сусындар – 15,2%
  • жемістер мен көкөністер – 12,1%
  • сүт өнімдері – 10,6%
  • қант – 5,8%
  • нан-тоқаш өнімдері мен жарма – 5,1%

Бағаның төмендеуі келесі тауарлар бойынша байқалды:

  • күріш – 8,3%
  • кептірілген өрік – 5,0%
  • қызанақ – 1,4%

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең көп өсуі келесі тауарларда: бензин – 14,9%, аяқ киім – 11,2%, киім – 10,5%, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 8,0%, жуғыш заттар – 5,5%.

Ақылы қызметтердің арасында келесі позициялар бойынга бағаның жоғарылауы байқалады:

  • су бұру – 29,7%
  • сұйытылған газ – 23,9%
  • орталық жылыту-18,3%
  • ыстық су – 16,8%
  • электр энергиясы – 14,7%
  • тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 14,5%
  • тұрғын үйді жалға алу – 13,5%
  • тұрғын үйді пайдалану үшін төлем – 11,2%



Қарау саны: 35
Сақталған: 04.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!