2025
жылдың қазан айында елдегі инфляция:
-
өткен жылдың қазан айына қатысты 12,6%
(өткен
айда 12,9%);
-
осы жылдың қыркүйегіне қатысты 0,5%
(өткен
айда 1,1%).
	
Жылдық
мәнде:
-
азық-түлік тауарларына бағалар 13,5%-ке 
(1,0%)
өсті;
-
азық-түлік емес тауарларға бағалар
11,0%-ке (1,2%)
өсті;
-
ақылы қызметтерге бағалар 12,9%-ке 
(-0,8%)
қымбаттады.
 Инфляция
қарқынына негізгі
үлесті
азық-түлік тауарлары қосады – 42,9%
(яғни, жалпы инфляцияның 12,6%-нен 5,41%-і
азық-түлік тауарларына тиесілі). 2024
жылдың қазан айында азық-түлік тауарларының
үлесі жалпы инфляцияның 24,2%-не
ие болды.
Бұрын инфляцияға ақылы қызметтер үлкен
үлес қосқан (2024 жылдың қаңтарынан 2025
жылдың маусымына дейін).
Ақылы
қызметтердің
үлесі – 30,8%.
2024 жылғы қазанмен салыстырғанда олардың
инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі
47,4%-тен 30,8%-ке дейін 16,6 п.т-ға азайды. Бұл
ретте өткен аймен салыстырғанда ақылы
қызметтердің үлесі 3,8 п. т. азайды.
Азық-түлік
емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы қазандағы
27,3%-тен
2025 жылғы қазанда 25,9%-ке
дейін төмендеді.
ж/ж – өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ағымдағы айда бағаның өзгеруі – жылдық инфляция.
Азық
түлік тауарларының
арасында ең көп
қымбаттау келесі тауарлар бойынша
байқалады:
- ет және ет өнімдері – 21,1%
 
- майлар мен тоң майлар – 18,4%
 
- алкогольсіз сусындар – 15,2%
 
- жемістер мен көкөністер – 12,1%
 
- нан-тоқаш өнімдері мен жарма – 5,1%
 
Бағаның
төмендеуі келесі тауарлар бойынша
байқалды:
Азық-түлік
емес тауарлар
тобында бағаның ең көп өсуі келесі
тауарларда: бензин – 14,9%, аяқ киім –
11,2%, киім – 10,5%, жеке пайдалануға арналған
тауарлар – 8,0%, жуғыш заттар – 5,5%.
Ақылы
қызметтердің
арасында келесі позициялар бойынга
бағаның жоғарылауы байқалады:
- тарату желілері арқылы тасымалданатын
газ – 14,5%
 
- тұрғын үйді жалға алу – 13,5%
 
- тұрғын үйді пайдалану үшін төлем –
11,2%