Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы ЭЫДҰ-ның жауапты бизнес жүргізу жөніндегі отырыстарына қатысты

04.11.2025

Қазақстанның Жауапты бизнес жүргізу жөніндегі Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) хатшылығы тиісті мұқияттылық саясаты жөніндегі инклюзивті платформа, Жауапты бизнес жүргізу жөніндегі ЭЫДҰ жұмыс тобы (WPRBC) және ҰБО желісі отырыстарына қатысты. Кездесулер ЭЫДҰ штаб-пәтерінде (Париж) өтті.

Отырыстар барысында көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ нұсқаулық қағидаттарын іске асыру, ҰБО тиімділігін арттыру, жаңартылған due diligence стандарттарын енгізу және 2026 жылы аталып өтетін қағидаттардың 50 жылдығына дайындық мәселелері талқыланды.

Ерекше назар ҰБО-ның ашықтығын, есептілігін және институционалдық әлеуетін арттыру мәселелеріне, сондай-ақ трансшекаралық істер бойынша елдер арасындағы өзара үйлестіруді күшейтуге аударылды. Сондай-ақ тиімділікті ерікті бағалау (peer review) нәтижелері бойынша есептер және жауапты бизнесті ілгерілету жөніндегі ЭЫДҰ Хатшылығының жаңа бастамалары таныстырылды.

Қазақстан ҰБО хатшылығы келесі басым бағыттарды айқындады: ЭЫДҰ шеңберіндегі талдамалық және білім беру материалдарын әзірлеуге белсенді түрде қатысу, Орталық Азиядағы әріптестік байланыстарды кеңейту және жауапты бизнес қағидаттарын ұлттық саясат пен тұрақты даму бағдарламаларында ілгерілету.

Қазақстанның ЭЫДҰ алаңындағы белсенді қатысуы елдің халықаралық стандарттарға бейілділігін және адал кәсіпкерлік мәдениетін дамытудағы дәйекті ұстанымын тағы да растады.



Қарау саны: 16
Сақталған: 04.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!