Кинономика: киноөндіріс табысы және потенциалы қаншалықты жақсы?
05.11.2025
Кино – тек қана елдің мәдени мұрасын жасайтын өнер емес, сонымен қатар инвестицияларды тартуға қабілетті, кез-келген саланың дамуына стимул беруші маңызды экономикалық актив. Жалпы қазақ киноиндустриясы посткеңестік кезеңде жаңа идеялар, формалар пайда болған тұста белсенді түрде дами бастады. Ал кейінгі жылдары мемлекет киноөндіріске мәдени идентификация және экономикалық өсім құралы ретінде назар аударып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың негізгі шараларының қатарына киножобаларды қаржыландыру, киноөндірушілерге салықтық жеңілдіктер және кадрлар біліктілігін арттыру бойынша шаралар, инвестициялық субсидиялар жатады. Әрине, кино өндірісі тек қана жаңа жұмыс орындарын жасаудан бөлек, туризмге де оң әсерін көрсете алады. Ал оның экспорты мемлекеттік табысты арттыруға және өзара мәдени алмасуға да түрткі болады. Кино креатив экономиканың құрамдас бөлігі және біршама мемлекеттің ЖІӨ-не айтарлықтай ықпал көрсетеді. Мәселен, Ұлыбританияда, шығармашылық индустрия 2,1 млн адамды жұмыс орнымен қамтиды. Ал жалпы ішкі өнімге шамамен £116 млрд көлемде үлес қосқан. Егер басқа да шығындарын қоса есептесек, жалпы экономикаға үлесі £178 миллиардқа жетеді (GVA). Ал Оңтүстік Корея креатив экономикасы фильм, видеойын, драма және музыкада көшбасшы болып, қазіргі таңда шамамен 680 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал сатылымнан ел шамамен 115 млрд доллар, экспорттан 10,3 млрд доллар пайда табады. АҚШ-та 2021 жылы креатив экономика деңгейі ЖІӨ-нің 4,4 пайызын құраған, бұл шамамен 1 трлн доллар. Ал мәдениет пен өнер секторындағы жұмысбастылық 4,9 млн қызметкерді қамтыған, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен аз (5,2 млн). Стримингтік қызметтер және веб-публикациялар инфляцияны қоса есептегеннің өзінде 171,3 млрд доллар табыс әкеліп, АҚШ мәдениеті мен өнерінің ең ірі саласына айналды. Ал тек кино өндірісінің пайдасы 2021 жылы 68,9 млрд долларды құраған.
Қазақстан да бұл саланы дамытуға тырысып жатыр. 2021-2025 жылдар аралығында креатив индустрияларды дамыту Концепциясы бойынша келесідей мақсаттар қойылған:
Мемлекет тарапынан креатив салаларға қолдау көрсету жиі болатын тәжірибе. Мәселен, Ұлыбританияның сектор үшін жасап жатқан бастамаларына шолу жасайық. Әдетте үкімет қаржылай көмекті қорлар арқылы жүзеге асырады. Бұл шаралардың басым көпшілігіне желеу болған – пандемия кезінде біраз сала табысының күрт азаюы. Сонымен, Британияның мәдениет және өнер саласын жақсартуға арналған қорлар мен бағдарламалары келесідей:
Аталған бағдарламалар креативті индустрия мен өнер саласын нығайтуға арналған стратегиялық келісті көрсетеді. Оның үстіне, аталған шаралар тек ірі қалаларда емес, жалпы креатив бизнестің бір аймақта ғана шоғырланбай, географиялық таралуына да сеп болуда. Гранттар мен несиелер елдің түрлі аймақтарында мәдениет секторы бойынша «деңгейлерді теңестіруге» талпынады.
Қазақстанда, 2024 жылғы статистикалық деректер бойынша, 121 кинематографиялық ұйымдардың басым көпшілігі, атап айтқанда 100-і жеке меншікке жатады, демек кино көрсетілімде жеке сектор үлесі басымырақ. Ал мемлекеттік меншікке 19 ұйым (2023-25 д.) кіреді. Жеке ұйымдардың 29-ын жеке кәсіпкерлердің құрауы – салаға кіші бизнестің де қатысы бар екенінің дәлелі. Ал шетелдік меншік саны 4 ұйыммен шектелген. Алматы қаласы кинематографиялық ұйымдар саны бойынша көш бастап тұр: қалада барлығы 20 ұйым болса, оның 1-еуі мемлекеттік меншікте, ал 2023 жылғы деректер бойынша 2-еуі шетелдік меншікте болған. Дәл сол уақытта Астана қаласында бар болғаны 10 ұйым бар, оның ешбірі мемлекет немесе шетел меншігінде емес. Мемлекет меншігіндегі кинематографиялық ұйымдардың ең жоғары көрсеткіші Жамбыл облысында – 9. Батыс Қазақстан облысында да 11 ұйымның 5-еуі – мемлекет меншігінде. Бұл аталған аймақтарда мемлекет қолдауы басым, ал жеке сектор белсенді еместігін көрсетеді.
Толық метражды фильмдер бойынша табыстың басым көпшілігі Алматы қаласында (15,8 млрд) белгіленген. Бұл Алматының Қазақстан киноөндірісінің маңызды орталығы екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, бірлескен және шетелдік өндіріс үлесі де айтарлықтай нәтиже (974 млн) көрсеткен. Бұл нәтижелерді мемлекеттік сектормен салыстырар болсақ, мемлекеттік сектор табысы 150 млн теңгені құраған. Бұл – Қазақстанда кино саласы негізінен жеке сектор тарапынан жүргізілетінінің дәлелі.Top of Form Дегенмен, кино саласында қазір келесідей проблемалар бар.
Қорытындылар болсақ, Қазақстан киноөндірісінің ірі индустрияға айналу потенциалы жоғары. Сонымен қатар, жалпы Орта Азия бойынша да жақсы көрсеткіштер болғандықтан, аймаққа ықпал ету ықтималдығы да бар. Оның үстіне, мемлекет тарапынан қолдау шаралары да көрсетіліп келеді. Дегенмен, авторлық құқық, инфрақұрылым және жеке сектор арасындағы бәсекенің орташа болуы дамуды сәл тежеп тұрғандай.
Жанерке
Рахман Өңірлерді зерттеу және өмір
сапасы орталығының аға сарапшысы
Қарау саны: 30 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|