Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары және оның Орталық Азия елдері мен АҚШ көшбасшыларының C5+1 форматындағы тарихи саммитіне қатысуы өңір мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың сапалы жаңа кезеңін белгілейді.
Бұл 2015 жылы басталған диалог
тарихындағы осындай жоғары деңгейдегі екінші кездесу. Саммитті АҚШ астанасында
өткізу оған ерекше мәртебе береді және
әлемдік аренада Орталық Азияның
стратегиялық маңыздылығының артқанын
білдіреді.
C5+1
саммитінің маңыздылығы-жаңа деңгейге
шығу
АҚШ
қауіпсіздік призмасы арқылы ғана емес,
сонымен қатар трансөңірлік байланыстардың
маңызды торабы ретінде қарастырылатын
өңірмен терең және ұзақ мерзімді өзара
әрекеттесуге дайын екенін көрсетеді.
Орталық
Азия елдері үшін саммит – өзін көпвекторлы
сыртқы саясатты жүргізуге қабілетті
әлемдік саясаттың дербес, шоғырландырылған
субъектісі ретінде таныстыру мүмкіндігі.
Күн
тәртібінде болуы мүмкін негізгі
тақырыптар
Экономикалық
ынтымақтастық және даму дәліздері.
Жеткізу
тізбектерінің жаһандық желісін
трансформациялау жағдайында Вашингтон
«Орта дәліз» және балама бағдарлар
идеясын белсенді түрде ілгерілетеді,
бұл идея Қазақстанның көлік ағындарын
әртараптандыру бағытына толық сәйкес
келеді.
Энергетика
және «жасыл» дамуға көшу. Қазақстан
өндіру және қайта өңдеу мақсатындағы
америкалық технологияларға, сондай-ақ
жаңартылатын энергетиканы дамытуға
мүдделі.
Егемендік
пен аумақтық тұтастықты қолдау.
Халықаралық
қатынастар контекстінде Орталық Азия
елдері үшін АҚШ-тың олардың тәуелсіздігі
мен егемендігін қолдау туралы растамалары
өте маңызды.
Қазақстанның
рөлі – өңірлік көшбасшыдан стратегиялық
серіктеске
Қазақстан
Саммитке өңірдің бейресми көшбасшысы
мәртебесінде келеді, бұл бірнеше
факторларға байланысты:
Дипломатиялық
ықпал. Мемлекет
басшысы жүргізген теңдестірілген және
прагматикалық сыртқы саясат елдің
беделін күшейтті. Қазақстан диалог пен
ынтымақтастықты дәйекті түрде қолдап,
Вашингтон үшін сенімді серіктеске
айналады.
Экономикалық
драйвер. Ауқымды
саяси және экономикалық реформалар
жүргізетін өңірдің ірі экономикасы
Орталық Азияда американдық инвестицияларды
алатын негізгі елдердің бірі.
Сындарлы
күн тәртібі. Қазақстан
негізі қаланған сәттен бастап C5+1
форматының белсенді қатысушысы.
Қазақстандық дипломатия дәстүрлі түрде
қауіпсіздік, сауда және логистика
салаларындағы ынтымақтастықты дамыту
жөнінде нақты ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан
үшін Саммиттің маңызы мен одан күтілетін
нәтижелер
Елбасының
сапары мен саммиттен бірқатар нақты
нәтижелер күтуге болады:
Сауда,
инвестициялар және қауіпсіздік
салаларында жаңа келісімдерге қол қою.
Азия
мен Еуропаны байланыстыратын жаңа
логистикалық бағдарлаор шеңберінде
Қазақстанға негізгі транзиттік хаб
рөлін бекіту.
Астана
мен Вашингтон арасындағы стратегиялық
әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал
ететін жоғары деңгейдегі саяси диалогты
күшейту.
Шетелдік
инвесторлар үшін Қазақстанның ашықтығы
мен тұрақтылығын растайтын оң белгі
беру.
Вашингтондағы
C5+1 саммиті – бұл кезекті кездесу ғана
емес, сонымен қатар алдағы жылдарға
Орталық Азия мен АҚШ арасындағы
қарым-қатынас бейнесін анықтайтын
стратегиялық қадам. Қазақстан үшін
бұл-өзін Шығыс пен Батыс арасындағы
көпір болуға дайын, қуатты және тәуелсіз
мемлекет ретінде тағы да жариялауға
және ортақ сын-қатерлерді шешу үшін
өңірлік күш-жігерді шоғырландыруға
бірегей мүмкіндік. Саммиттің табысты
өтуі бүкіл өңірдің де, Қазақстанның да
халықаралық позицияларын нығайтады,
экономикалық өсу мен ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер
ашады.
Алибек Райпов
«Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ Әлемдік
экономиканы зерттеу орталығының
директоры