Қарағанды облысының 2022-2024 жылғы бюджет шығындары
06.11.2025
Қарағанды облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 541,7 млрд теңгеден 795,6 млрд теңгеге дейін 46,9%-ке ұлғайды.
Қарағанды облысының бюджеті шығындардың салыстырмалы түрде біркелкі бөлінген құрылымымен сипатталады. 2022-2024 жылдары орта есеппен 36,2% мөлшеріндегі шығындардың ең көп үлесіне білім беру шығындары ие. Қарастырылып отырған кезеңде олар 2022 жылғы 193,8 млрд теңгеден 2024 жылы 283,8 млрд теңгеге дейін 46,4%-ке ұлғайды. Қомақты бюджеттік инвестициялар мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 88,1%-ке жетті.
Көлік және коммуникация шығындары 2022-2024 жылғы Қарағанды облысы бюджетінің барлық шығындарының орта есеппен 10,4%-не ие. Олар 2022 жылғы 50,0 млрд теңгеден 2024 жылы 88,6 млрд теңгеге дейін 77,0%-ке ұлғайды. Көлік саласын қаржыландырудың өсуі өңірдің жол инфрақұрылымының сапасына әсер етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы ішкі жолдар үлесінің 94%-ке дейін ұлғаюы байқалады, нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 56%. Шығындардың қалған түрлері Қарағанды облысы бюджетінің барлық шығындарының 8%-нен аз көлеміне ие. Бұдан басқа, қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне жұмсалатын шығындар 2022 жылғы 1,8 млрд теңгеден (барлық шығындардың 0,3%) 2024 жылы 5,5 млрд теңгеге (барлық шығындардың 0,7%) дейін 3 есе ұлғайғанын атап өткен жөн. Бұл осы саланы қаржыландыру басымдығының өсуін көрсетеді.
Қарау саны: 35 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|