Жасыл экономика
22.09.2020
«Қазақстандағы «жасыл өсу»: экономиканы экологияландыру» Орнықты даму мақсаттары бойынша онлайн-конференция «жасыл» экономика және экология саласындағы қоғам қайраткері, «Жасыл экономика және G – Global-ды дамыту коалициясы», «EXPO&Women» сияқты бірқатар ҮЕҰ негізін қалаушы және жетекшісі Салтанат Рахымбекованың құрметіне өтуде.
Ұзақ жылдар бойы ол қоршаған ортаны қорғау саласында жемісті жұмыс істеді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіруге, «жасыл» экономиканы дамытуға үлес қосты. Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағының тең төрайымы, елдің Азаматтық альянсының президенті бола отырып, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысты. «Еліміздің табиғи капиталы орасан зор: біз – жайылымдық алқаптар көлемі бойынша әлемде бесінші, агрохимикаттармен және ГТА-дақылдармен ластанбаған жерлер көлемі бойынша үшінші орындамыз... Жасыл экономика және биоалуантүрлілік экономикасы: «Табиғат бюджет, жұмыспен қамту және денсаулық үшін не бере алады?» деген сұрақ қояды. Әлемде азық-түлік, тыңайтқыштар мен жем, биоотын, құрылыс материалдары, жиһаз және т. б. қоса алғанда, экологиялық таза өнімдерге үлкен сұраныс бар. Бұл тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді». Салтанат Темірқұлқызының соңғы сұхбаттарының бірінде айтқан сөздері алдағы конференцияның мәнін дәл көрсетеді.⠀Туған жердің көркеюі, адамдардың денсаулығы, жалпы экономикалық өсу – «жасыл» экономиканың басты бағдары.⠀Конференцияда «Жер» ОДМ бағытының тақырыптары талқыланады. Бұл климаттың және қоршаған ортаның өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері, оларды шешу үшін ауқымды институционалдық және технологиялық өзгерістер жүргізу талап етіледі. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ осы саланың өкілдерін пікірталас алаңын және кейіннен сарапшылар қауымдастығын, атап айтқанда жастар көшбасшылары арасында құру үшін шақырды.⠀Іс-шара онлайн-семинар форматында өтеді және аудиторияға ғалымдардың, ҮЕҰ мен мемлекеттік сектор басшыларының, халықаралық мамандардың, экономистер мен экологтардың, жастар бірлестіктері көшбасшыларының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді. Тікелей эфир ертең, 23 қыркүйекте, сағат 11.00-де, Экономикалық зерттеулер институтының YouTube-арнасында өтеді.
Қарау саны: 6753 |
|
|