Қазақстан экономикасының 5 ең мықты белгілері
12.11.2025
Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы саналатынын осыған дейін ақпарат көздерінен оқып немесе естіген шағарсыз. Дәл осы бағыт ел экономикасында да жетекші орынға ие. Сол секілді цифрландыру, астық, мыс өндірісі де заманға қарай алдыңғы қатарға шығып келеді. Уран Қазақстан – уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. 2024 жылы елде 23 270 тонна табиғи уран өндіріліп, бұл әлемдік өндірістің шамамен 39% құрады. Елдің жетекші ұлттық компаниясы «Kazatomprom» Лондон және Астана биржаларында листингтелген, бұл саланың ашықтығын, корпоративтік басқару сапасын және инвесторлардың сенімін арттырады. Кейінгі жылдары ғаламдық деңгейде атом энергетикасына сұраныстың өсуі декарбонизация үрдістеріне байланысты болып отыр, сондықтан уран нарығы ұзақ мерзімді перспективада өсім көрсетеді деген болжам бар. Қазақстан Қытай, Еуропалық одақ, АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяға уран экспорттай отырып, жеткізілім бағыттарын әртараптандырған. Бұл фактор елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, халықаралық аренадағы стратегиялық салмағын да арттырады. Қазақстан
– цифрландыру және электронды үкіметті
дамыту бойынша аймақтағы жетекші
елдердің бірі. БҰҰ-ның электронды
үкіметті дамыту жөніндегі 2024 жылғы
жаһандық есебінде Қазақстан электронды
үкіметті дамыту индексі (EGDI) бойынша
193 елдің арасында 24-орынға ие болып, «өте
жоғары деңгей» санатына кірді. Онлайн
қызметтер индексінде (OSI) ел әлемнің
үздік он мемлекетінің қатарына кіріп,
Оңтүстік Корея, Дания және Эстония
сияқты цифрлық көшбасшылармен деңгейлес
бағаланған.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің
92 пайыздан астамы онлайн форматта
ұсынылып, eGov.kz және eGov Mobile платформалары
арқылы 1200-ден астам цифрлық қызмет
көрсетіледі.
Бұл азаматтар мен бизнеске уақытты
үнемдеп, шығындарын азайтуға көмектеседі.
Цифрлық инфрақұрылымның дамуы экономиканың
өнімділігін күшейтеді және финтех пен
электрондық қызметтер арқылы экспорттық
әлеуетті арттыруға үлес қосады. Астық Trade Map (2023) мәліметтері бойынша, Қазақстан әлемдегі негізгі бидай және меслин экспорттаушы ондыққа кіріп, жалпы әлемдік экспорттағы үлесі 3,01% деңгейінде бағаланды. Бидай экспортының айтарлықтай бөлігі көрші мемлекеттерге кетеді. Бұл Қазақстанның аймақтық деңгейде азық‑түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі маңызды екенін көрсетеді. Қазақстан
адам басына шаққандағы ЖІӨ бойынша
ортадан жоғары елдер тобына кіреді.
2025 жылғы Халықаралық валюта қоры (IMF)
мәліметтері бойынша, адам басына
шаққандағы ЖІӨ шамамен 14 770 АҚШ доллары
деңгейінде бағаланды, бұл Ресей (шамамен
14 260 АҚШ доллары) және Қытай (шамамен
13 690 АҚШ доллары) көрсеткіштерінен
жоғары.Адам басына шаққандағы табыстың өсуі халықтың сатып алу қабілетін және ішкі сұраныстың деңгейін тұрақты сақтауға ықпал етеді. Мыс Қазақстан – әлемдегі ірі мыс өндірушілердің бірі. 2023 жылы елде мыс өндірісі шамамен 600 мың тоннаға жетіп, бұл дүниежүзілік өндірістің шамамен 4% құрады. Елдің өндірілетін мыс көлемінің едәуір бөлігі экспортқа шығарылады, бұл халықаралық нарықта Қазақстанның металл жеткізуші ретіндегі маңызын арттырады. Сонымен қатар, мыс өндіру экономикалық өсімге, валюталық түсімдерді арттыруға және индустриялық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосады. Болашақта әлемдік деңгейде мысқа сұраныстың тұрақты өсуі – әсіресе электр энергетикасы, электроника және электромобильдер салаларында – Қазақстанға өндірісін ұлғайтуға және металл нарығындағы стратегиялық рөлін нығайтуға мүмкіндік береді. Есенгазиев Рамазан
Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының аға сарапшы
Қарау саны: 187 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|